Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президенттік сайлау – 2015 - АРҚА АЖАРЫ

Президенттік сайлау – 2015

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) сарапшылар тобымен бірлесіп, «Президенттік сайлау-2015: қорытындылары мен келешегі» атты ашық сараптамалық баяндаманы таныстырды.

Баяндамада 2015 жылғы президенттік сайлау жан-жақты талданып, саяси науқанның ел үшін мәні мен партиялық-саяси жүйе туралы  зерттеу қамтылған. Баяндаманы әзірлеуде ресурстық көмекті www.election2015.kz ақпараттық сайты көрсетті.
Бұл – ҚСЗИ-дің  тәжірибесінде отандық және шетелдік сарапшылармен бірлесе отырып әзірлеген алғашқы зерттеу жұмысы. Жұмыс тобының құрамындағы ҚСЗИ сарапшылары – Юрий Булуктаев, Мәдина Нұрғалиева, тәуелсіз сарапшы Марат Шибұтов, «Vласть» интернет-журналының бас редакторы – Вячеслав Абрамов және 2015 жылдың 26-сәуірінде өткен сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатысқан АҚШ-тың «Джеймстаун» (Jamestown) қорының сарапшысы Джейкоб Зенн белсенді атсалысты.
Баяндаманы 2015 жылдағы сайлаудың барлық аспектісін қамтыған кешенді ақпараттық, сараптамалық өнім деуге болады. Онда бұрынғы сайлау науқандарына талдау, үгіт-насихат жұмыстарына сипаттама, дауыс беру процесіне баға берілген. Сонымен қатар, сайлаудан кейінгі кезең туралы, осы сайлаудың Қазақстанның даму жолындағы мән-мағынасы қарастырылған.
Биылғы президенттік сайлау – ел экономикасы мен саясатындағы өзгеріске қозғаушы күш, негізгі кілт. Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы ретінде жарияланған 5 институционалды реформаны жүзеге асыру орталық және аймақтық деңгейде жүйелі әрі институционалды өзгерісті қажет етеді.
Сайлаудан кейінгі кезеңдегі саяси күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мемлекеттік аппаратты реформалау және партиялық-саяси жүйені модернизациялау.
Өткізілген президенттік сайлау бойынша негізгі қорытындылар:
a Қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қоғамның қолдайтындығы заң жүзінде көрініп, оның жалпыұлттық көшбасшы мәртебесін нығайта түсті. Дауыс беруге қатысқандар санының көптігі мен халықтың Елбасы жүргізіп отырған мемлекеттік саясатты жаппай қолдайтыны қоғамның сайлаудың мәнін терең сезінгендігін көрсетті.
a Парламенттің рөлін күшейту, мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекет өміріне азаматтық қоғам институттарын қатыстыру, жергілікті басқарудың рөлін кеңейту түріндегі конституциялық реформаларды қоғамның жақсы қабылдағаны байқалады.
a Үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жасалған мониторинг пен талдау елдің интернет пен медиа саласының рөлі артқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде заманауи технологияларды пайдалану қазақстандықтардың саяси мәдениеті мен азаматтық белсенділігін арттыруға септігін тигізді. Оны дауыс берушілердің санынан да көруге болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар