Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Достық кітабы» – жақсылық дәнекері - АРҚА АЖАРЫ

«Достық кітабы» – жақсылық дәнекері

Достық үйінде «Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аясында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы облыстық әділет департаментіне «Достық кітабын» салтанатты жағдайда табыс етті.

Шара барысында сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева аталған достық жобасы жайлы кеңірек айтып өтті. Бұған дейін мектепішілік ассамблеяларда, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының шағын ассамблеялары арасында өткен бұл жоба енді  аймақтағы мекеме, кәсіпорындарда өз жалғасын таппақ. Оның елімізде Президент Жарлығымен бекітілген Ассамблея жылын өз деңгейінде атап өтуге де қосар үлесі зор болады деп күтіліп отыр. Мега-жоба барысында  әр мекеменің жұмысын көрсететін  арнайы бейнефильмдер жұртшылық назарына ұсынылып, Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін бейнелейтін суреттер, көркемөнер  туындыларынан көрмелер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, озық дәстүрлермен өзара бөлісу, тәжірибе алмасу мақсатында сол ұжым мүшелерінің жүрекжарды тілектері жазылып, суреттері жапсырылған «Достық кітабы» бір кәсіпорыннан екіншісіне табысталып отырды. Осы орайда, облыстық өзбек мәдени орталығының төрайымы Тожібоби Усманова да өзінің «Қазақстан» деп аталған кең байтақ елде туып, өмір сүріп жатқандығын мақтан ететіндігін жеткізді. Енді тәуелсіз мемлекеттегі осы ырыс пен ынтымақты еселей түсуге күш салған абзал.
Ал, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқар-ған кезде Мұрат Балпан басқарма жұмы-сына жан-жақты тоқталып өткен болатын. Оның айтуынша, бүгінде 50 функцияны іркіліссіз атқарып отырған басқарма мен оның құрылымдық бөлімшелерінің өңір экономикасын өркендетуге қосып отырған үлесі орасан. Айталық, Индустрияландыру картасы аясында аймақта 49 жоба сәтті жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, басқарма «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» және «Бизнестің жол картасы – 2020» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асуында да негізгі үйлестіруші болып табылады. Өз сөзінің соңында ол облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Өмірзақовқа «Достық кітабын» табыс етті.
Шара барысында басқарма қызметкерлері мен «Еnki» сияқты ірі  кәсіпорын жұмысшылары ән-биден шашу шашты.  Аймақты мекен еткен сан ұлттың асханасынан да дастархан жайылып, олардың ұлттық тағамдары дәріптелді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар