Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН - АРҚА АЖАРЫ

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

Менің әкем Гидаят Заманоглы Мамедов 1919 жылы Әзербайжан Республикасының Барда қаласында туған. Көп балалы отбасында өмірге келген әкемнің бес ағасы мен төрт қарындасы болған екен. Шалғайда туған әзербайжандықтардың көбі ірі қалаларда өмір сүргісі келеді. Соның бірі Ганджа қаласы. Біздің елдегі Ганджа қаласы ел астанасы Бакуден кейінгі көлемінің үлкендігі, халқының көптігі жағынан екінші қала болып есептеледі.

Әрі бұл қала Әзербайжандағы тарихи тереңнен тамыр жайған, өзіндік ғажайып мәдениеті қалыптасқан көне қалалардың бірі әрі бірегейі. Әзербайжандар негізінде балалы-шағалы отбасы. Аз халық болғандықтан ба екен ұлтының өскендігін, көбейгендігін ұнатады. Әкемнің айтуына қарағанда, Заман атамыздың да отбасы үлкен болыпты. Әйтсе де, тағдырдың маңдайға жазғаны шығар, атам Заман өмірден ерте өткен екен. Ол кезде менің әкем әлі мектеп оқушысы. Отбасының асыраушысы өмірден өткеннен кейін отбасындағы барлық шаруа үйдегі балалардың үлкенінің иығына артылады. Ендігі арада шүпірлеген жас балаларға тамақ тауып, киім кигізіп асырау перзенттердің үлкенінің парызы. Менің әкем отбасындағы балалардың ең үлкені. Қариялардың айтуына қарағанда, ол кез өте қиын уақыт болса керек-ті. Қатыгез, безбүйрек заман ешкімді аяуды білмеген. Күс-күс болған уақыттың алақаны сәбилердің маңдайынан сипағанымен, жан жүректерін елжіретіп жібіте алмағанға ұқсайды. Әкем мектепті бітіргеннен кейін         Ганджа қаласындағы медицина техникумының дәрі-дәрмек факультетіне түскен. Осы жерде білім алып жүріп, болашақ анамыз Санубар Мамед-Тагиқызы Гасан-Задемен танысады. Анамыз Ганджа қаласының қызы екен. Медицина техникумын аяқтағаннан кейін 1940 жылдың соңында әкеміз бен анамыз шаңырақ көтеріпті. 1941 жылы біздің отбасында тұңғыш қыз дүниеге келген. Сол жылы әкеміз 21 жасында, өндірдей жап-жас кезінде қолына қару ұстап, қан майданға аттанған. Анамыздың үлкен ағасы да соғыс басталғанда әскерге            алынып, 1945 жылы екі көзінен айырылып, туған топырағына оралды.
Әкем майдан даласындағы кеңес жауынгерлерінің өлшеусіз ерлігі туралы талмай айтатұғын. Майданға алынғанда ол коммунист екен. Тұла бойындағы қайсар да қажырлы мінезімен көзге түсіп, медицина техникумын бітірген білімді жасқа лейтенант шені берілген. Сөйтіп, ол майданда бөлімше командирі болған. 1941-1944 жылдар аралығында үш мәрте жараланған. Алдыңғы екеуі жеңіл жарақат болғаннан соң емделіп, майдан даласына қайтадан аттанып отырған. Ал, үшінші жолы ауыр жараланған. Комиссияның шешімі бойынша жарамсыз деп танылғаннан кейін 1944 жылы елге оралған. Бұл кезде әкеміз капитан шенінде екен. Кейін майор болды.
Майдангер әкеміздің айтуына қарағанда Маздок, Ростов, Сталинград майдандарында және Кавказды қорғау кезіндегі қиян-кескі ұрыстарға қатысқан. Дон өзенін кесіп өткен сәттегі ауыр жағдайды сипаттағаны жадымда жатталып қалыпты. Өткел бермес өзеннен өту сәтінде екі жақ та қисапсыз қырғынға ұшыраған екен. Осы арада жарақаттанған әкеміздің арқасында оқ жарықшағы өмір бойы жүрді. Дәрігерлер ота жасап жарықшақты алып тастауға бел буа алмады. Өйткені, жарықшақ жүректің маңайына қадалып қалған екен.
Анам байғұс өлімші халдегі, ауыр жарақаттанған әкейді көргенде кеудесінде жаны қалғанына қуанып, тірі келгеніне тәубе депті. Ал, майдандағы ерлігін сипаттайтын наградалары кеудесінде сыңсып тұр.
Соғыстан кейінгі жылдары әкеміз дәріхананың меңгерушісі болып жұмыс істеді. Сеченов атындағы бірінші Мос-ква медицина институтына оқуға түсіп, 1959 жылы аяқтап шықты. Содан өмірінің соңына дейін Евлах қаласындағы дәріхананың меңгерушісі болып халыққа қызмет етті.
Отан үшін от кешкен ержүрек жауынгер «Ұлы Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Әкей майданда қасық қаны қалғанша зұлым жаумен алысса, асыл анамыз Санубар Мамед-Тагиқызы соғыс кезінде Ганджа қаласында орналасқан әскери госпитальда жұмыс істеген. Соғыс аяқталған соң дәріханада халыққа қызмет көрсетті. Қырық жылдан астамғы қызметі үшін еңбек ардагері атанды. Төрт бала тәрбиелеп өсірді. Аяулы анамыз 2013 жылы 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Әке-шешеміз бізге терең білім берді. Ал, тәлімді тәрбиесі туралы таңды таңға ұластырып тамсана айтуға болар еді.
Мен өз әкем туралы жазған кезімде көкірегім әлдебір қуаныштың лебіне толып, жан-дүнием масайрап кетеді. Өйткені, мен әкемнің ерлігі мен еңбегіне мақтана аламын. Менің әкем нағыз ер азаматтар тәрізді үлкен үлгі көрсеткен адам. Сөз соңында барлық майдангерлерді, Отан үшін от кешкен, көкірегін оқ тескен ардагерлерді құрметтеп, басымды иетіндігімді айтқым келеді. Өйткені, олар қандай құрметке болсын әбден лайық.
Қазір қазақ елінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныштық орнаған. Төрт құбыла тегіс бейбітшіліктің берекесімен молыға түскен. Осының барлығы Қазақстан Республикасындағы тұрақтылыққа қол жеткізіп отырған Ұлт Көшбасшысы, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында. Дәл осындай ынтымағы ұйыған жерде Отан үшін от кешкен ұлдар ешқашан ұмытылмайды.

Тариэл МАМЕДОВ,    
«Әлем әзербайжандары»
конгресі төрағасының
бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар