Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысты жандандырмақпыз - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысты жандандырмақпыз

 Бұрын бізде армия, авиация мен флотқа ықпалдасушылардың қысқаша ДОСААФ делінген ерікті қоғамы бар болатын. 

  Кеңес үкіметі кезінде аталған ұйымның атағы дүркіреп тұрды.  Себебі, өскелең буынды спортқа баулудағы, сол арқылы оларға патриоттық тәрбие берудегі  бұл бірлестіктердің орны ерекше еді. Одақ тарағаннан кейін біз тәуелсіздік алып, өз жүйемізді құра бастадық. Өзгерістер қоғамның бар саласында орын алып жатты.  Біздің ұйымның да  алға қойған мақсат-мүддесі өзгермегенімен, аты өзгерді. Бірақ, оның қоғамдағы рөлінің бұрынғыдай еместігін мойындау керек. Олай болатыны, бұрын біздегі автомектепте жылына 2200 адам оқитын. Одан түсетін қаражат та мол болғандықтан, соның біршама бөлігін жасөспірімдерді спортқа баулуға бөлетінбіз. Ал, қазір жағдай керісінше.  Бүгінде қалада 33 автомектеп бар. Ең көп дегенде бізге  жүргізушілікке оқуға 400 адам келеді. Одан түсетін табыс та шамалы ғой. Жерді жалға алу, ғимараттарды, техниканы күтіп ұстау дегендей мәселелер көп. Міне, сондықтан біз бұрынғыдай авто, мото спортты дамытып, жиі спорттық жарыстар өткізе алмаймыз. Қазір шығыны аздау деген  мергендікті ғана дамытып жатырмыз.
Бізде ауыр, жеңіл атлетика, бокс, күрес, тағы да басқа негізгі спорт түрлерін дамытуға көп мән беріледі де,  техникалық және қолданбалы спорт өгей баладай ұдайы назардан тыс қалып жатады.  Иә, біз жеткіншектерді тікелей армияға даярламаймыз. Бірақ, ертеңгі күні әскерде қажет болар дағдыларға үйретеміз.  Оқу орталығында шеберліктерін шыңдап жүрген жастар көп. Солардың бірі Әмина Хамзина. Жастары енді 12-ге толса да, Мун Иосиф пен Руслан Ромащенко да одан қалысып жатқан жоқ. Бұлар дайын снайперлер ғой.  
Қазір құрама командалар құру үстіндеміз. Меніңше, бізде республикалық жарыстарда топ жаруға лайық талай талапты жас бар. Тек оларды іздеп тауып, жаттықтыру қажет.
Виктор ЮХА,
«Отан» қоғамдық бірлестігі
Көкшетау қалалық
кәсіптік-техникалық
оқу орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар