Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыры бар ел бақытты - АРҚА АЖАРЫ

Батыры бар ел бақытты

Батырдың ескерткіші  Отан қорғаушы күні қала саябағының «Даңқ» аллеясымен тоғысқан жерінде бой түзеді.  Бұл шараға соғыс және еңбек ардагерлері, Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, қала жұртшылығы және әскери құрылымдар, әскери-патриоттық клубтар өкілдері қатысты.
Ескерткішті ашу құрметіне  бітімгершілік  жауынгері Елжас Еділ мен Көкшетау техникалық институтының оқу үздігі, курсант Бексұлтан Рақымбеков ие болды.
Ескерткіш  бейнені тұмшалап тұрған ақ жабын мата жерге түсірілісімен,  жүзінен мейірімнің шуағы төгілген Батыр жерлесіміздің  асқақ тұлғасы  өр қазақтың Ұлы Отан соғысы жылдарында да ерлік жасаған тарихынан сыр ақтарғандай болды. Мәлік арқылы батырдың алтын жұлдызын өзі тірілерінде ала алмай кеткен Бауыржан мен Рақымжандар да еске оралды. Жерде де, аспанда да көк тұйғын болып, басқыншы жаудың бетін қайтарған дала қазағының батыр ұландары  Мәлік бейнесінде де  еңселе түскендей болды.
Аспанға бірнеше дүркін оқ атылып, Батырдың рухына және ұрыс далаларынан қайтпаған боздақтарға тағзым етілді.
 – Бүгін біздер үшін ерекше есте қалатын күн, – деді облыс әкімі Сергей Кулагин жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде. – Қазақтың батыр ұлы, қоғам қайраткері, академик Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш орнату туралы бастама  сонау 2003 жылы көтерілгені есте.  Бүгін соның сәті түсіп отыр. Бұл ескерткіш Батырға құрмет қана емес, азат елдің жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің  өнегелі жолы. Елі барда, ерлердің есімі мәңгі жаңғырмақ. Кешегі ел басына күн туғанда қолына қару алып, майданға аттанған Мәліктей батыр ұлы ерліктің өшпес өнегесін көрсетті. Холм қаласы маңындағы қиян-кескі ұрыстардың бірінде  бірнеше жауынгермен ғана жаудың  қарымды шабуылына тойтарыс берді. Гранатамен екі танкіні қиратып, ондаған жау солдатын тұтқынға алды.  Өзі жарақат алса да, басқыншы жауына ұрыс салып,  қайсарлық пен батырлық танытты.
Осы ерлігіне қанық болған атақты генерал Иван Панфилов: «Мә, саған ғылым адамы! Жарайсың!» деп Мәлікті әкелік мейіріммен құшағына басқан еді.
Көкше десе Мәлік есімі қатар аталатын  ерлік өнегесі осылай Батырдың тұғырға қонған ескерткішімен  паш етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар