Облыс әкімі Сергей Кулагин «Астана-Арена» стадионында «Оқжетпес» футбол командасының кезекті ойынын тамашалады.
Жерлестеріміз Шымкент қаласының «Ордабасы» командасымен бақ сынасты. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Бірінші болып оңтүстіктен келген қонақтар есеп ашты. Екі команда да шеберліктерін көрсетіп, есе жібермеуге тырыс-ты. Осы орайда, «Оқжетпес» командасының капитаны Әлібек Бөлешовтің ептілігін ерекше атап өтуге болады. Матч соңында «Оқжетпес» командасы ойынды қыздыра түскенімен, нәтиже көңілден шыға қоймады. Ойын 0:1 есебімен «Ордабасының» жеңісімен аяқталды. Жерлестеріміз осы ойыннан кейін турнир кестесінде он үш ұпаймен 7-ші орында тұр. 12-ші турда «Оқжетпес» қызылордалық «Қайсармен» кездеспекші. Одан кейін өз алаңында «Ақтөбе» футбол командасын қабылдайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.