Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жау тылында болған жеңгем - АРҚА АЖАРЫ

Жау тылында болған жеңгем

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің әр отбасынан майданға бір немесе бірнеше адам аттанған еді десек шындықтан алыс кетпегендігіміз. Олардың арасында соғысты әскер қатарында жүріп қарсы алғандар да аз болған жоқ. Менің отағасым, Октябрь Әлібековтың немере ағасы Жұмағали Жетпісов соғыс  басталардан бұрын әскерде  саяси жетекші болған еді. Жұмекең қан майданда ерлікпен қаза тапты.

 

Әскери адамның зайыбы ретінде жеңгеміз Күлжан 1940 жылы Украинаның Ровно қаласына көшіп барды. Қолында 8 айлық сәбиі бар ол жұбайымен бақытты өмір сүруді армандап еді. Амал не, соғыс басталып, бақытты өмірлері ұзаққа созылмады.
– Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ, фашистер қаланы бомбаның астына алды, – деп әңгімесін айтушы еді Күлжан жеңгеміз. – Мұндай жағдайға байланыс-ты бізді басқа қалаға көшірмек болған жоспар да іске аспай қалды. Қаланы немістер басып алған соң барар жер іздеп, ақыры қаладан 10 шақырым жерде тұратын Мария деген танысымның үйін паналауға тура келді. Құдай тілеуіңді бергір сол Мария мені Дубно қаласына апарып, бір танысының үйіне паналатты.
Сол үйде отырып партизандарға арнап тері қолғап, желетке тіктім. Осылайша мен де шама-шарқымша қан майданда жүрген жауынгерлерге көмектестім. Несін айтасың, талай қиындықты бастан кештік қой. Әсіресе, фашистерді бірінші рет көргендегі қорыққанымды білсеңдер ғой. Бір күні кешқұрым дүкеннен нан алып келе жатып немістердің тұтқынға түсіп қалған біздің бірнеше жауынгерді автоматтың дүбімен ұрып-соғып азаптап әкеле жатқандығының куәсі болдым. Әлі есімде, аштықтан әбден әлсіреген жауынгерлерге орыс тілінде «маған жақындаңдар» дедім де, нанымды әдейілеп жерге түсіріп алдым. Мұны көрген фашист мені мылтықпен бір ұрып құлатты. Қатты соққыдан есеңгіреп қалған мен көзімді ашсам тұтқын солдаттардың жердегі нанды алып үлгергендігін көріп аз да болса көмегім тигенін көріп қуаныштан жылап жібердім.
Немістің бір соққысымен аман қалдым деген мен қателескенімді ертеңіне білдім ғой. Кешегі әрекетім себеп болды ма, әлде басқаша ма білмеймін, әйтеуір келесі күні қасында аудармашы әйел бар немістің офицері  келіп менің құжаттарымды тексерді. Абырой болғанда, досы Марияның көмегімен осы жақта 1918 жылдан бері тұрады деген құжат жасап алған едім. Офицердің әйелі екенім белгілі болғанда мен бүгін сендермен сөйлесіп отырмаған болар едім-ау.
Несін айтасың, кейіннен тіпті, бірнеше адам үйдегі погрепте де жасырынып өмір сүрдік қой. Кейін Совет әскерлері қаланы  азат еткенде елге жол тартуға мүмкіндік алдым. Өкінішке орай, жолдасымның майданда ерлікпен қаза тапқандығын Мәскеуге келгенде естідім.
Міне, шырағым, қолыма қару алып, жаумен шайқаспасам да, фашистердің зұлымдығын көзіммен көрдім, – деп  Күлжан жеңгем соғыс жылдарын еске алған бір әңгімесін аяқтап еді.
Өкінішке орай, жеңгеміз бүгін ортамызда жоқ. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай, Жеңісті жақындата түсуге өз үлесін қосқан Күлжан сынды ер мінезді әйелдің өмірінің бір сәтін еске түсіріп отырмын.
       
   Рақия ӘЛІБЕКОВА,
журналистика ардагері.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар