Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ер есімі ел есінде - АРҚА АЖАРЫ

Ер есімі ел есінде

 

Елін, жерін қорғаудан алдына жан салмаған қазақтың ержүрек батыр жауынгер-лерінің бірі – Рақымжан Қошқарбаев.

 

Осы бір есімді естігенде батырлығына таңдана да, мақтана қарайтынымыз анық. Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе елді мекенінде дүниеге келген. Балалық шағы анасынан айрылып, әкесін саяси жолмен соттаған кезеңге тұспа-тұс келіп, өмір қиындығын көріп өскен.Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленіп, 7 жылдық мектепті бітіріп, Балқаш қаласындағы училищеде оқыған. Ел басына күн туған сұрапыл соғыста Р.Қошқарбаев Рейхстагта қызыл туды желбіреткенін бәріміз білеміз.
Батырымыздың бұл ерлігін кешегі Одақ кезінде жете елемегені бәрімізді қынжылтады. Алайда, тәуелсіздігіміздің арқасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Халық қаһарманы» жоғары атағын берді. Бүгінде халқымыздың ержүрек ұлына ескерткіш орнатылып, мектеп, көшелер батыр есімімен аталуда. Біздің ауданның Новокаменка ауылының бір көшесі де Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, осындағы негізгі орта мектепте батырға арналған бұрыш ашылды. Ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға батырдың өмірі, майдан жолы мен ерен ерлігі, артында қалған ұрпақтары, өзі кейіпкер болған шығармалары туралы кең көлемде мәліметтер берілді. Сонымен қатар, мерекелік концерттер, сурет көрмесі, шығармалар байқауы, саптық шеру, дөңгелек үстел, майдангерлермен кездесу сияқты іс-шаралар өтті. Ауыл тұрғындары Рақымжандай батырдың есімін ел есінде сақтап, жас ұрпаққа жеткізуде.

Әскер НҰРБАҚЫТ.

Новокаменка ауылы,                                                                                             
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар