Облыс орталығының белсенді жастары «Мәңгілік алау» ескерткіші маңында жиналып, қан майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған игі шара облыстық жас-тар саясаты мәселелері басқармасы жанындағы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Кейінгі ұрпақ өкілдері соғыс даласында өшпес ерлік көрсеткен жерлес батырлардың фотосуреттерін қолдарына ұстап, даңқ аллеясымен жүріп өтсе, акцияның басқа да қатысушылары «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еркіндік белгісі ретінде аспанға түрлі-түсті шарларды ұшырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.