Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діни лаңкестіктің қаупі мол - АРҚА АЖАРЫ

Діни лаңкестіктің қаупі мол

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Әлем індеті – терроризм мен экстремизм» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Алдымен шара қатысушыларына қоғамымызды алаңдатып отырған экстремизм жайлы бейнефильм көрсетілді. Онда  бейбіт адамдарға қару кезеніп, тұрақтылықтың шырқын бұзған лаңкестіктің зардабы туралы баяндалады.
Жастар алдында облыстық ішкі істер департаментінің экстремизммен күрес бөлімінің жедел уәкілі Қанат Жанаев, Ғалым мешітінің бас имамы Нұрлан Әбенұлы және облыстық дін істері басқармасының бас маманы Еркін Көшкенов  сөз сөйлеп, жастарды  теріс ағымдардан сақтандырудың жолдарын айтып берді.
Жастарға Ғалым мешітінің бас имамы Нұрлан Әбенұлының имандылық жайлы айтқан тұшымды әңгімесі ерекше әсер қалдырды. Ол екі тілде барлық діндердің  бір Аллаһтың  құзырынан жіберілгенін, әртүрлі қасиетті кітаптарда да пайғамбарлардың  адамзатқа ортақ екендігі шариғат арқылы жеткізілді. Тіпті, Құранда айтылатын шошқа етін жемеу ұғымы осыған дейінгі қасиетті кітаптарда да ауызға алынып, тыйым салынғанын, ал, Мұхаммед (с.ғ.с.)-нан басқа пайғамбарларды мойындамау діннен шығаратынына да жастардың назарын аударды. Жастар тарапынан сауалдар да қойылып, оған толымды жауаптар берілді.  Біздің бір байқағанымыз, жастар осындай әсерлі имани әңгімелерге сусап отыр екен. Сондықтан, бұл шара да жастарымызды жат ағымдардан қалай сақтандырамыз  деген сауалға жауап іздегендей болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар