Көкшетау техникалық институтында өткен жиында курсанттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – тәртіптік кеңестің төрағасы Қуаныш Жапақов, осы мекеменің бөлім кеңесшісі Айгүл Жүнісова мен бөлім басшысы Ақерке Бекахметова қатысып, аталған заңның елімізде іске асырылу барысына, оны бұзған жағдайда қолданылатын қылмыстық жаза туралы кеңінен тоқталып өтті. Жиын соңы пікір алмасуға ұласып, курсанттар толғандырған сауалдарына жауаптар ала алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.