Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жоба өнім сапасына басымдылық береді - АРҚА АЖАРЫ

Жоба өнім сапасына басымдылық береді

Облыстық әкімдікте техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың отырысы болып, «Ыдыстарға құйылған ауыз су мен табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы» және «Отын ретінде қолдануға арналып сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентінің жобасы талқыланды.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов, Қазақстан метрология институты мен Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты бас директорының орынбасарлары, өңірлік штаб мүшелері, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, бизнес қауым мен облыстағы сынақ орталықтарының өкілдері қатысқан жиынды Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Ғинаят Қасенов ашып жүргізіп отырды. Метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов кіріспе сөзінде техникалық регламент техникалық реттеу нысандарына қойылатын талаптарды орындау үшін бекітілген құжат екенін, бүгінгі таңда Кедендік одақтың 35 техникалық регламенті қолданысқа енгенін атап өтті.
Отырыста Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Лариса Дамер сөз сөйлеп, ыдыстарға құйылған ауыз су мен табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы Кедендік одақтың техникалық регламентінің жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, ол өз сөзінде мұндай ауыз су мен табиғи минералды суды сақтау ережелеріне, балаларды тамақтандыру үшін қолданылатын ауыз су сапасының талаптарына тоқталды. Оның
айтуынша, ыдыстың жапсырмасына су жөнінде толық ақпарат жазылуы тиіс. Бұдан кейін «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі Евгений Пятов аталмыш жобадағы өзгертулер жөнінде өз пікірін білдірді.
– Бұл адамның өмірі мен денсаулығын қорғайтын маңызды құжат, – деді ол. – Емдік суды тек дәрігерлердің кеңесі бойынша ішуге болады. Жобадағы кейбір жәйттар халықаралық стандарттарға қарама-қайшы келеді. Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі гигиеналық нормативтерде қателіктер кездеседі, – деді тұтынушылар атынан сөйлеген Евгений Пятов. «Палата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі сынақ орталығының басшысы Марал Жұматаева өз сөзінде ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігінің жай-жапсарына кеңінен тоқталды. Бұдан соң Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова сөз сөйлеп, Кедендік одақтың техникалық регламентінің стандарттарын құру талаптарымен таныс-тырды. Облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің жетекші маманы Нұрлан Сейдалин Кеден одағының техникалық регламентінің жобасындағы отын ретінде қолдануға арналып сұйытылған көмірсутек газына қойылатын талаптар жөнінде айтты. «Газ-Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Сейілбек Мұқажанов өз сөзінде облысты сұйытылған көмірсутек газымен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндап берді. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралғаннан кейін барлық қабылданған шешімдер мен ұсыныстардың хаттамасы толтырылып, оның орындалуы бақылауға алынатын болды.
Түс ауа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов бастаған делегация «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамында болып, жүк автокөлігін құрастыратын цехты аралап көріп, олардың сапасына назар аударды.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар