Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алда басты дода - АРҚА АЖАРЫ

Алда басты дода

 Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында «Ақмола облысының Барысы – 2015» ІV облыстық турнирі өтіп, республикалық жарыста Ақмола облысының намысын қорғайтын палуандарымыз анықталды.

  Облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен турнирдің салтанатты ашылуында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутәліпов сөз сөйледі.
– Қазір ұлттық спорт түрінің бірі қазақ күресі Елбасының тікелей қамқорлығымен дамудың даңғыл сатысына көтерілуде. Ал, күш аталары Қажымұқан, Балуан Шолақтай алып-тардың Көкше өңірінен шыққаны баршаға мәлім. Сондықтан, біздің өңірден аға ұрпақтың ізін жалғайтын палуандар барына сенім мол. Тек жастарды спортқа тартып, еліміздің абыро-
йын көкке көтеретіндей етіп тәрбиелеуіміз керек, – дей келе боз кілемде бағы мен бабын сынай келген палуандарға сәттілік тіледі. Ал, облыстық Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұса Елеусізов ақ батасын берді.
Облыс қалалары мен
аудандарынан жиналған 38 палуан боз кілемде жанын салып күресті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен турнирде алғашқылардың бірі болып белдесуге шыққан ерейментаулық Мұхамедрақым Ыбыраев пен ақкөлдік Нұрбек Бидаловке Қанат Нұрмұханов төрелік етті. Ерейментаулық палуанның жолы болып, жеңіске жетті. Одан әрі палуандар реттік сандары бойынша белдесуге түсіп, әдемі ойын көрсетті. Шаршы алаңға түскен білегі мықты палуандардың бірі салмағымен, енді бірі техникасымен, ал, кейбірі жылдамдығымен көзге түсті. Белдесуге шыққан спортшылардың жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері әрқилы. Осы орайда, Көкшетау қаласы мен Аршалы, Бурабай аудандарының палуандары ерледі. Бес сағат бойы жұртшылықтың делебесін қоздырып, күш-жігерлерін сарқа жұмсаған жігіттердің барлығы мақтануға тұрарлық азаматтар. Ең бастысы қайратты да айбарлы жігіттер алаңға жиналған жастарға үлгі көрсетіп, әрбір  ер азамат  ел үшін намысты қолдан жіберіп алмау қажет екенін ұғындырды. Облыстық турнирде аршалылық қос палуан үшінші орын үшін күресу керек еді, алайда Бекзат Алтынбаев мәрттік танытып, қарсыласы Жанай Ыбыраевке жолын берді. Қазақтың осындай нар тұлғалы жігіттеріне көрермен қауым да сүйсініп, риза болды. Ал, бірінші орын үшін белдес-кен көкшетаулық Әсет Жүнісов пен бурабайлық Нұрлан Жамалов тамаша күрес үлгісін көрсетті. Көпке дейін бір-біріне есе жібермей, иық тірестірген қос палуанның техникалық шеберлігі көптің таңдайын қақтырды. Бәйгеге жаратылғандай бапталған қос жүйрік бір-бірінен асып түспесе, кем емес. Бірақ, осы ретте Нұрланның бағы жанып, бас жүлдегер атанса, Әсет екінші орынды місе тұтты. Қызықты әрі тартысты өткен қазақ күресінің облыстық турнирінде республикалық «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының атқарушы директоры Жанарбек Атығаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина мен облыстық қазақ күресі федерациясының президенті Ербол Тукаев жеңімпаз-дарға қазақы дәстүрмен шапан
жауып, жүлделерін табыс етті. Арнайы
дипломдармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болған палуандар да көрсетілген сый-құрметке дән риза. Осы орайда, әдемі күресімен ешкімге дес бермеген білегі мықты палуан Нұрлан Жамалов бұл жеңіс оңай келмегенін айтып, республикалық турнирде облыс намысын абыроймен қорғайтынына уәде берді. Тағы бір айта кетерлігі, әдемі күресі үшін көкшетаулық Әсет Жүнісов арнайы сыйлықпен марапатталды.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар