Айдарлы негізгі мектебінде тарих, география, қоғамтану пәндерінің апталығы да Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды.
Оқушылардың білімдерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін айтып, топтық жұмыстарға тарту мақсатында ұйымдастырылған апталықта оқушылар «Ойна да ойлан» атты танымдық сайысқа қатысып, білімдерін пысықтады. Сондай-ақ, аталмыш пәндер бойынша тәрбие сағаттары болып өтті. Тәрбиелік мәні зор ашық сабақтарға оқушылар белсене қатысты. Ал, пән мұғалімдері апталықтың әр күнін мазмұнды да мағыналы өткізуге тырысты. Олар өз пәндеріне үлкен жауапкершілікпен қарап, сабақтарда педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланды. Тағы бір айта кетерлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар да жоғары деңгейде өтуде.
Апталықтың қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.