Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен №7 агротехникалық колледжде мектеп ассамблеяларының аймақтық форумы болып өтті.
Форумға Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Есіл аудандары мектептерінің шағын ассамблеялары қатысты. Іс-шара барысында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында қатысушылар есеп берді. Мектеп ассамблеяларының мүшелері өздерінің белсенді азаматтық ұстанымы мен туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Барлық қатысушылардың көрсетілімі мазмұндылығымен ерекшеленді.
Сондай-ақ, форум аясында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жағдайы төмен отбасылардың балаларының қатысуымен «Өз жұлдызыңды жақ!» атты акциясы да ұйымдастырылды.
Мектеп ассамблеяларының жұмысын талдау барысында Есіл, Атбасар, Жақсы аудандарының бірқатар мектептері үздіктер қатарынан орын алды. Осы орайда, Валерия Тарасова, Юрий Дель, Вера Терещенко, Аружан Әшімовалардың есімдерін ерекше айтып өтуге болады. Тағы бір айта кетерлігі, осындай аймақтық форум Бурабай ауданында өткізілмек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.