Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депутаттыққа ұсынды - АРҚА АЖАРЫ

Депутаттыққа ұсынды

Облыс әкімінің  орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы  Ақмола облыстық филиалының ХХІІІ кезектен тыс конференциясы  болып өтті.

Жиында нұротандықтар облыстық мәслихат депутаттығына  партия атынан Мұрат  Теміржановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Еңбекшілдер ауданы мен Бурабай ауданының  кейбір аумақтары кіретін №23 сайлау округінен сайланған депутат Асқар Қиықов аудан әкімі болып тағайындалып, бұл қоғамдық қызметтен босатылған еді.
«Корпорация Рамут» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мұрат Теміржанов бұрын осы сайлау округі бойынша бір рет депутат болып сайланған.  Конференцияда  сөйлеген сөзінде ол партияластарының қайта сенім артуы өзіне зор жауапкершілік жүктейтіндігіне тоқталып өтті.  Кезінде Степняк қаласындағы жолдардың жөнделуіне, Сәуле ауылында жаңа мектептің салынуына, басқа да әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысқан экс-депутат әлі де ел игілігі жолында аянбай  еңбек етуге мүдделі.
Жиын барысында Еңбекшілдер аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өміртай Жомартов,  Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Баймағамбетов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай сөз алып,  ұсынылып отырған кандидат жайлы жылы лебіздерімен бөлісті.
Ал, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов  партия атынан сайланар депутаттардың  партиялық бағдарламалардың жүзеге асырылуына, сол арқылы елдік мәселелердің шешілуіне  атсалысуды  алдыңғы орынға қоюлары қажеттігін баса айтты.  Шара соңында партиямен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқан бір топ азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар