Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қысқа дайындық – бүгіннен - АРҚА АЖАРЫ

Қысқа дайындық – бүгіннен

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде облыстың үстіміздегі жылдың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері, алдағы жылу беру маусымына дайындық, өрт қаупі көбейген жазғы кезеңде оның алдын алу шаралары, облыстың елді мекендерін абаттандырып, көгалдандыру мәселелері қаралды.

Алдымен облыс әкімі Сергей Кулагин бұған дейін Степногорск қаласының әкімі болып қызмет істеген Мұратбек Тақамбаевтың облыс әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалғандығын хабарлап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров Ақмола облысының 2015 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
туралы баяндама жасады. Бірден айта кетейік, көңіл тоғайтатын толымды жетістік те, ширатуды қажет ететін олқылық та бар. Айталық, өнеркәсіпте өндіріс көлемі 90,8 миллиард теңгені құрады. Бұл 100,5 пайыз. Өңдеу өнеркәсібі ауыз толтырып айтарлықтай табысты жұмыс істеуде. Нақты көлем индексі 102,4 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда азық-түлік өндірісінде ілгерілеушілік бар. Минералды және алкогольді сусындар өндіру көлемі арта түскен. «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы үстіміздегі жылы 112 автомобиль жинады. Бұл бағыттағы жұмыс өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,4 пайызға өскен.
Бірқатар аудандарда әлеу-меттік-экономикалық даму нәтижелері көңіл көншітпейді. Өндіріс көлемінің азаюы әлеуметтік салаға тікелей әсер етеді. Осы арада 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы облыс бойынша 82,6 мың теңгені құрап отыр. Бірақ, бұл барлық
аудандарда бірдей көрініс тауып отырған жай емес. Жарытымсыз жалақы Қорғалжын, Сандықтау, Егіндікөл, Бұланды, Астрахан және Жақсы аудандарында.    
Облыс әкімі Сергей Кулагин бүгінгідей қымбатшылық қос бүйірден қысқан заманда елу бес-алпыс мың теңгемен қалай күн көруге болады деп ел қамы үшін жанашырлық сөз айта келе, аудан әкімдеріне бұл бағыттағы жұмысты ширату жөнінде қатаң тапсырма берді.
Баяндамада мал шаруа-шылығы, құрылыс жұмыстары, кәсіпкерлікті дамыту, салық және бюджет мәселелері егжей-тегжейлі талдау жасалып, ілгері басқанның ілкімді ісі, кейін тартқанның көзге ұрып тұрған олқылығы тайға таңба басқандай көрсетілді. Өңір басшысы әрбір мәселенің мәнісін қолмен қойғандай көрсетіп берді. Табыс сырын тәптіштеп түсіндірді. Сайып келгенде мәселенің мәнісі өздеріне тапсырылған жұмысты жоғары жауапкершілікпен атқаруда болып тұр. Жетекке ілесе алмағандарға қатаң шара қолданатындығын да қадап айтты.
Облыс тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі алдағы жылу беру маусымына тиянақты дайындық. Өткен жылғы жылу беру маусымы бірқалыпты өткізілді. Қазандықтар отын қорынан кемістік көрген жоқ. Ішінара кездескен шағын апаттық жағдайларды жедел жойып, жылудан тарығу болмады. Ірі апаттардың ең үлкені үстіміздегі жылдың 7 ақпанында Ақмол ауылының блокты-модульді қазандығында болған қазан жарылысы. Әйтеуір, зардап шеккендер жоқ. Аудан әкімдігі шұғыл шара қолданып, апаттың зардабын жойды.
Ең түсініксізі мемлекеттік бюджет тарапынан жыл сайын қаншама қаржы бөлініп, қазандықтар күрделі жөндеуден өткізіліп жатса да, келесі жылы тағы да күрделі жөндеуге қаржы сұрап, алақан жайып жататындықтары. Бір мезет жасалған күрделі жөндеудің қауқары тым болмағанда бес жылға жетпейтіндігі түсініксіз. Қазір облыстың бірқатар аудандары мен қалалары қарызға белшесінен батып отыр. Жеті ауданда ғана, атап айтқанда Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Еңбекшілдер, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау аудандарының ғана берешегі жоқ. Дебиторлық берешегі ең көп елді мекендер Көкшетау және Степногорск қалалары мен Атбасар, Целиноград аудандары.
Облыс әкімі Сергей Кулагин жылу беру маусымына дайындықты осы бастан ширату жөнінде нақты тапсырмалар берді. Ол өз сөзінде жылу беру маусымының кәдімгі егін орағы немесе жаңа оқу жылы тәрізді аса жауапты науқан екендігін жауапты лауазым иелерінің естеріне салды.
Келесі кезекте Ақмола облысының табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров орман шаруашылығы, орманды қалпына келтіру жұмыстарының орындалу барысы және 2015 жылғы өрт қаупі маусымының өтуі туралы баяндама жасады. Шешен өз сөзінде ағымдағы жылы 1296 гектар алқапқа көшет отырғызылғандығын, жоспардың 157,1 пайызға орындалғандығын тілге тиек етті. Астана-Щучинск күрежолының қос қапталында жасыл желектер отырғызылуда. Ал, өртке қарсы шаралар қатарынан 162 су алу қорын дайындағандықтарын, 64 скважина қазылғандығын, 30 өрт-бақылау мұнарасы мен 23 өрт бақылау пункттерінің жұмыс істеп тұрғандығын айтып өтті. Әйтсе де, жер толық дегдімей жатып өңірдің орманы 6 рет өртенген. Демек, орман тілсіз жаудың тақсіретін тартып жатыр. Алдағы уақытта аса сақтық қажет. Сондай-ақ, орман заңнамасын бұзу оқиғалары да кездесіп қалып жатады. Баяндамашы өз сөзінде көшет отырғызу, орман шаруашылықтарын қажетті техникалық құралдармен жабдықтау, орман үшін ересен қауіпті жаз айларында сақтық мәселелерін ұйымдастыру тәрізді қадау-қадау жайларға тоқталды.
Мұнан соң Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, Бурабай ауданының әкімі Төлеген Тәшмағамбетов, Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеевтер сөз сөйлеп, жылу беру маусымына дайындық, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл-селоларды абаттандыру, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру тәрізді мәселелер төңірегінде есеп беріп, өз ой-пікірлерін білдірді. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Балым Ізбасарова алдағы жауапты науқан бірыңғай ұлттық тестілеудің ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды. Аудан әкімдеріне оқушыларды тасымалдау, басқа да бірқатар ұйымдастыру істері жөнінде өтініш айтты.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин жартыжылдықты аяқтауға бар болғаны бір-ақ ай қалғандығын, сол бір айдың ішінде олқылықтың орнын толтырып, істі ширату қажет екендігін айта келе,
жауапты басшыларға қатаң талап қойды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар