Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарызын өтемей, шекара аса алмайды - АРҚА АЖАРЫ

Қарызын өтемей, шекара аса алмайды

Облыстық сот орындаушылары сот шешімін орындаудан жалтарған борышкерлердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына шектеу қойды.

Облыстық әділет департаментінің мәліметі бойынша, өткен жылдың қорытындысы және 2015 жылдың басынан бері сот және басқа да актілер бойынша қарыздарын өтемеген 8 755 ақмолалықтың елімізден тыс аймақтарға шығуына шектеу салынған. Төленбеген қарыз сомасы 19 миллиард теңгеден асып жығылады. Тек жыл басынан бері ғана атқару өндірісін бақылау және тізімге алудың автоматтандырылған жүйесінің мәліметтері бойынша 2015 жылдың 1 сәуіріне 210 281 515 теңге мөлшерінде қарыздарын төлеген
127 борышкерден шектеу алынып тасталды.
Сонымен қатар, қарызын өтемеген борышкерлерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар әзірленуде. Бүгіндері борышкерлерді ел аумағынан тыс жерлерге шығуына шектеу қою оларды қарыз төлетуге ықпал ететін ең тиімді тетіктердің бірі саналады.
Қазіргі уақытта атқару құжаттары бойынша 1 миллиард теңгеден астам қарыз сомасын төлеген 834 борышкерден шектеу алынып тасталған. Сондай-ақ, сот орындаушылары облыстың туристік агенттіктеріне елімізден тыс жерлерге шығуға ниеттенген қарызы бар тұлғалардың шығуына шектеу қойылғаны туралы хаттар
жолдауда.  Ел аумағынан шығуына шектеу қойылған борышкерлердің тізімі Әділет министрлігінің ресми сайтында да жарияланған. Оның ішінде сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген 1509 ақмолалық бар. Олар енді борышын өтегенше шет елге шыға алмайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар