Қызылағаш ауылының тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасып, сүйікті ісімен айналысуда.
Серік Қалымұрат Щучинскідегі «Бурабай вагон жөндеу депосы» серіктестігіне жұмысқа орналасты. Ол алғашқы- да аталған бағдарламаның мүмкіндіктері жөнінде БАҚ-тан оқып білген. Кейін аудандық еңбекпен қамту орталығына хабарласып, мамандардан толық мәлімет алған. Ондағылар Серіктің бетінен қақпай, «Бурабай вагон жөндеу депосы» серіктестігінде ұстаның бос орны бар екенін айтады.
Бұл жас жігіттің Көкшетаудағы құрылыс-техникалық колледжіне «ұсташы ісі және темір өңдеу» мамандығы бойынша білім алуына себеп болды. Білім алып жүрген кезінде «Бурабай вагон жөндеу депосы» серіктестігінде тәжірибеден өтеді. Ондағылар Серіктің іскерлігіне сүйсініп, жұмысқа қалуын өтінген. Ол оқуын аяқтай салысымен бірден осында жұмысқа келеді.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» жұмыс істегісі келетін жастар үшін таптырмас бағдарлама. Бағдарлама менің оқуға түсіп, тәжірибеден өтуге және кейін тұрақты жұмысқа орналасуыма сеп болды. Жұмысым өзіме ұнайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.