Тайбай ауылының тұрғыны, үшінші топтағы мүгедек «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында электрик болып тұрақты жұмысқа орналасып, нәпақасын тауып жүр.
Мұрат Сембаев есімді 42 жастағы азамат аталған бағдарламаның мүмкіндіктері жөнінде ести саласымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген. Бөлім мамандары мұқтаж жанға Степногорск тау-кен колледжінде білім алуына көмектескен. Онда ол 3-ші разрядты «Электр қондырғыларға қызмет көрсету бойынша электрмонтері» мамандығы бойынша кәсіби білім алған.
Осылайша ол ауылдағы «Болашақ» бала бақшасына электрик ретінде тұрақты жұмысқа қабылданады. Қазіргі кезде электрик жігіт өзінің мамандығының қоғамға пайдалы екенін сезініп, құлшына жұмыс істеуде.
–Аты айтып тұрғандай электрик болу оңай шаруа емес. Сүйікті ісіммен айналысуыма ұжымым да көмектесіп жатыр. Елдің қажетіне жарасам деп ойлаймын. Сондықтан, өзім сияқты жарымжан жандарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасының берері мол деп білемін, – дейді Мұрат Сембаев.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.