Аудандағы Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын болып өтті.
Аталған мекеме басшысы, әділет полковнигі Жасқайрат Тұяқбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске құқық қорғау қызметкерлері қатысып, еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылады. Онан әрі 6636 әскери бөлімшесінің командирі, подполковник Юрий Малицкий әскери бөлімше бақылаушыларының қызметі жайлы баяндама жасады. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа барған азаматтарға қолданылатын әкімшілік, қылмыстық жаза, басқа да заң ережелері жан-жақты түсіндіріліп, кездесу пікір алмасуға ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.