Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында бүкіләлемдік дағдарыс тақырыбына арналған жиын өткізді.
Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жарас Бейсембаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Валерий Смоквин, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен журналистер қауымы қатысты. Жиында әлемде болып жатқан дағдарыстың біздің елімізге, соның ішінде біздің өңірімізге әсері қандай болатыны, осының алдын алу шаралары, бұл тұрғыда қолға алынып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланып, түрлі пікірлер айтылды. Қатысушылар партияның Алматы қаласынан келген өкілі Айдар Әлібаевтың баяндамасын тыңдап, әлі де болса, назар аударатын мәселелерге тоқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.