Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ облысымыздың бірқатар өңірлерінде болып, азаматтарды қабылдады.
Нақтырақ айтсақ, бір айдың ішінде мобильдік топ 109 ауылды қамтып, 500-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетті. Оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша 62 адамнан, банк деректемелерін өзгерту үшін 220 тұрғыннан өтініш қабылдаса, әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша 176 адамға мамандар кеңес берді.
Гүлдарай БИНИЕВА,
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы облыстық филиалы
директорының орынбасары.