Көкшетау қаласында «Назарбаев зияткерлік мектебі» акционерлік қоғамының бастамасымен «Критериалды бағалауды қолдану» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары болып өтті.
Семинарға Астана мен Алматы қалаларын қоса алғанда еліміздің 16 аймағындағы 30 пилоттық мектептерден 112 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында «Оқушылардың оқу барысындағы жетістіктерін бағалау үшін критериалды бағалауды қолдану» атты презентация көрсетіліп, мұғалімдердің сауаттылықты арттыру, математика, музыка, көркем сурет өнері, ағылшын, орыс тілдері сабақтарында критериалды бағалау жүйесін қолдану жөнінде шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Рамазан ТӨЛЕУБАЙ,
Сүлейман Демирел университетінің
3-курс студенті.