Көкшетау қалалық қазақ кітапхасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы құрметіне жастар арасында жарияланған «Ұлт тарихындағы ұлы кезең» атты әдеби байқаудың қорытындылары шығарылды.
Игі шараның мақсаты талантты жас-тарды қолдап, шығармашылықтарын дамыту, халқымыздың төл тарихын, мәдениеті мен әдебиетін насихаттау болып табылады. Байқауға қаланың елуден астам студент жастары қатысты. «Арнау өлең» аталымында бірінші орынды Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Мұхамед Қонқаев жеңіп алса, қалған жүлделі орындарды аталған оқу ордасының студенті Қайырболды Серғазы, №7 орта мектептің 10 сынып оқушысы Вероника Учкина өзара бөлісті. Шығарма аталымы бойынша да жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы орайда, жастардың талабын құптап, байқауға демеушілік көрсеткен Мұрат қажы Ыдырысов, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, «Бари» армян этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Рузанна Дегоян мен басқа да қатысушыларға зор алғыс айтқымыз келеді.
Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.