Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білімді ел биіктен көрінеді - АРҚА АЖАРЫ

Білімді ел биіктен көрінеді

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған ұлт жоспары 100 қадам ел болашағының дамуын айқындайтын мемлекеттік стратегия болып саналады.

 

«100 нақты қадам» Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге және отыз дамыған мемлекет қатарына кіруге бағытталған. Президентіміз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын саралап, сараптап берді. Көпшілік қауымға түсінікті болуы үшін әр салаға жеке-жеке тоқталып, алдымызда тұрған келелі міндеттерді атап көрсетті. Осы орайда, Елбасымыздың бес институттық реформасының үшінші бағытындағы индустрияландыру және экономикалық өсім туралы айтқан ойы менің көңілімнен шықты. Жалпы, бұл барлық қазақстандықтардың ойын дөп басқан келелі міндеттер деп ойлаймын.  Ол 76-шы қадамда ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеріп, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізуге ерекше екпін түсірген. Әрине, біз отыз дамыған мемлекеттің қатарына енуді басты мақсат етсек, елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиеленуі керек. Білім бөлімінің әдіскері ретінде сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарының жаңартылуын айтқан Елбасының сарабдал саясатын қолдаймын. Әрі қазақстандық азамат ретінде білім саласының дамуына өз үлесімді қосуға дайынмын. Ал, 77-ші қадамда экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадр-лар әзірленіп, кейін бұл тәжірибе еліміздің басқа оқу орындарына таратылатыны көңілге қуаныш ұялатты. Өскелең ұрпақ еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарында тәлім алып, оның болашағы үшін жемісті еңбек етуі тиіс. Білікті кадрлар елімізде даярланса, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жедел қарқынмен дамитынын анық аңғаруға болады.  Ал, 79-шы қадамда жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі қарастырылып отыр. Қазіргі таңда үштұғырлы тіл саясаты күн тәртібінде тұрған мәселе. Бірақ, қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген білімді де сауатты оқушыларымыз аз емес. Ел намысын қолдан жіберіп алмауға тырысқан оқушыларымыз біздің мақтанышымыз. Егер дәл осы қарқынмен алға қарай қарышты қадам басатын болсақ, бағындырмас белес, алынбас қамал жоқ. Сол себепті бәріміз  Елбасының бес институттық реформасын жүзеге асыруға өз үлесімізді қосайық.
Ерзат СМАҒҰЛОВ,
Қорғалжын  аудандық
білім бөлімінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар