Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні - АРҚА АЖАРЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Мемлекеттiк Ту – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк негiзгi рәмiздерiнiң бiрi. Мемлекеттiк Ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының авторы – суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.  Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Мемлекеттiк Елтаңба –Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк негiзгi рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының негiзi – шаңырақ. Ол – Ел-таңбаның жүрегi. Шаңырақ – мемлекеттiң түп-негiзi – отбасының бейнесi. Шаңырақ – Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ – киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар – дала дүлдүлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары – Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны

Мемлекеттiк Әнұран – елдiң музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Мұзафар Әлiмбаев, Қадыр Мырза Әлi, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрiбаева бiрiгiп жазған Әнұран мәтiнi алғашқы тәуелсiздiк жылдары елдiктiң асқақтығын көрсеттi. 2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа Әнұран «Менiң Қазақстаным!» әнiнiң негiзiнде жаңартылды. Оған ел Президентi Н.Ә.Назарбаевтың жаңа мәтiндiк нұсқасымен толықтыру енгiзiлдi. «Қазақ вальсiнiң королi» Шәмшi Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжiмеденовтiң шығармасы «Менiң Қазақстаным!» әнi жарты ғасыр бойы елмен бiрге жасап, елмен бiрге мұңайып, елмен бiрге қуанып келдi.
Әнұранда туған жерге, елге деген махаббат сезiмi терең көрiнiс тапқан. Отанын шын көңiлден сүйген әрбiр азамат Әнұран орындалған кезде оң қолын жүрек тұсына қойып, тапжылмай тұруы абзал.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар