Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапты науқан соңына таяды - АРҚА АЖАРЫ

Жауапты науқан соңына таяды

 Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша облыста биыл 4 миллион 196,4 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себу жоспарланса, бүгінгі күні оның 4 миллион 121,8 мың гектарына дән сіңірілді. Бұл – барлық егіс алқабының 98,2 пайызын құрайды. Әзірге Жарқайың, Есіл және Жақсы аудандары көктемгі егіс жұмыстарын толық  атқарып шықты. Қазір дала жұмыстары Атбасар, Егіндікөл, Еңбекшілдер және Целиноград аудандарында аяқталуға жақын. Көпжылдық шөп пен майлы дақылдар себу жоспары 93 және 79 пайызға орындалды.

  Есіл. Биыл аудан бойынша   жоспарланған 485 мың гектар алқапқа  дәнді дақыл тұқымы сіңірілді. Ал, жалпы алғанда, 434 мың гектарға дәнді және  бұршақты дақылдар, 35 мың гектарға майлы дақылдар егілді. Айта кетерлігі,  зығыр отырғызуға арналған алқаптың көлемі 12 мың гектарға көбейтіліпті. Асылы, өткен жылы 20 егіс кешені мен 26 комбайн алынса, 2015 жылы төрт су жаңа K-700 техникасы мен 5 егіс кешені толыққанды науқанда топтастырылды. Аудандық  ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серікпай Тоқмағамбетовтың айтуынша,  көктемгі дала жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып,  шаруашылықтар  егін егуді сапалы әрі уақытылы орындаған.
Түптеп келгенде серіктестіктер егін орағына да табанды түрде дайындалуда. Мәселен, «Алтын дән»  акционерлік қоғамы астықты қабылдау, тазалау, сақтау және тиеп жөнелтуге арналған арнайы жабдықтармен толық жабдықталған. Алдағы уақытта бұл нысан іске қосылмақ. Сонымен бірге,  «Есіл Дән»  серіктестігінде сыйымдылығы 3000 тонна және «Құмай Есіл» серіктестігінде  сыйымдылығы 10 мың тонна  болатын астық сақтау қоймасының құрылысы аяқталып отыр.
ЕРЕЙМЕНТАУ. Аудан диқандары 69,3 мың гектар алқапқа бидай,  бұршақ дақылдары мен 5,2 мың гектарға майлы дақылдар және 19,7 мың гектарға мал азығы дақылдарын сеуіп үлгерді. Бұл үшін диқандар уақытпен санаспай жұмыс істеді.
Мамыр айының соңындағы ашық күндер «Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандарының жүздеріне қуаныш ұялатты. Олар қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдаланып, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдарының кеңесімен ылғалды алқапқа тұқым сіңірді.
– Алқапта сеялка агрегаттарын тіркеген 5 «К-700» тракторы жүрді, – дейді шаруашылық басшысы Валерий Кармелюк, – Біздің жерде жақсы өсетін «Астана-1» бидай тұқымын ектік. Тұқым көктемгі егіс стандартының бірінші класына жауап береді. Жұмысқа деген құлшыныстың арқасында диқандар күндік жұмыс нормаларын артығымен орындады. Олар жоспарланған жұмыс көлемі қысқа мерзімде аяқталса, мол әрі сапалы астық жинайтынын жақсы түсінеді. Механизаторлар Дәулет Байкенов, Юрий Гончар, Қайрат Жүсіпов және Устин Кармелюк қарқынды жұмыс істеді. Агрегаттарға тұқым толтырушы Николай Палий, электр дәнекерлеуші Тимур Елегамов өз міндеттерін тыңғылықты атқарды.
Торғайлықтар  бұдан бұрын 400 гектар жерге «Сочинский» күнбағысын, 150 гектарға бұрыш еккен болатын. Шаруашылық мал азығы дақылдарына көп көңіл бөлуде.  
ҚОРҒАЛЖЫН. Биыл аудан шаруа-шылықтары 94,5 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарын себуді межелеген еді. Бір кездері 200 мың гектардан астам алқапқа дән сіңіретін аудан үшін бұл әрине, онша жоғары көрсеткіш емес. Дегенмен, бір кездері мұнда егіс алқаптарының 50 мың гектарға дейін азайып кеткендігін ескерсек, іс алға баса бастады деуге негіз бар.
Дәл қазіргі уақытта, «АСКОП», «Арықты», «Жаңа» және «Агро-Көбетай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сияқты шаруашылық жұмысшыларының күн демей, түн демей тынымсыз еңбектерінің арқасында аудан бойынша жоспарланған 94,5 мың гектарға толықтай дән сіңірілді.
Сонымен қатар, ауданда 150 гектар жерге картоп отырғызылса, 60 гектарға көкөніс,
1,7 мың гектарға майлы дақылдар, 1,6 мың гектар алқапқа көпжылдық шөп егілді. Осылайша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан биылғы көктемгі егіс жұмыстарын дер кезінде сапалы орындаған қорғалжындық диқандар күздегі мол өнімнің негізін нық қалап отыр.
БҰЛАНДЫ. «Нанар» фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары көктемгі егіс жұмыстарын толық аяқтап шықты. Диқандар маңызды науқанға жауапкершілікпен дайындалды. Уақытында техниканы жөндеп, тұқымды зертханада тексертті. Жанар-жағармай және өзге де ресурстардың қорын жасады. Осының арқасында дала жұмыстары қарқынды жүргізілді.
– Жұмыс уақытын белгілеп, алқапта екі ауысыммен жұмыс істедік. Тәулігіне 1,5 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңірдік, – дейді серіктестік басшысы Виталий Варданян. Серіктестік диқандары 15 мың гектарға «Астана» сұрыпты бидай және «Кедр» сұрыпты арпа тұқымын септі. Алқаптарда 4 өнімділігі жоғары егіс кешені, әрбіреуі 5 сеялка тіркеген алты «К-700» тракторы күні-түні жұмыс істеді. Егіс кешенімен жұмыс істеген Дмитрий Химченко мен Батырғали Әлкенов, механизатор Владимир Сабуров күндік нормаларын асыра орындады. Шаруашылық жер өңдеудің жоғары мәдениетімен ерекшеленеді. Мұнда алқаптардың құрылымы жасалған. Диқандар өндірісте қазіргі заманғы технологияны енгізу, алқапты күту есебінен жыл сайын мол астыққа қол жеткізеді. Биыл да олар гектарынан 18 центнерден өнім алу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар