Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа шіркеудің құрылысы талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа шіркеудің құрылысы талқыланды

Кеше  облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау және Ақмола епархиясының Епископы Әулие Серапионмен кездесті.

Кездесу барысында жаңа православтық шіркеудің құрылыс мәселесі сөз болды. Шіркеуді облыс орталығының Горький көшесі бойындағы Достық үйі маңындағы аумаққа салу жоспарлануда.
Жаңа шіркеу салу қажеттілігі көптен бері өз шешімін күткен мәселе. Бүгінгі таңда 320 адамға арналған қаладағы жалғыз шіркеу барлық келушілерді қабылдауға қауқарсыз. Жаңа шіркеу бір мезетте дінге құлшылық ететін 500 адамды қабылдай алатын болады. Табиғаты әсем жерге салынатын шіркеудің айналасының жалпы аумағы 1,71 гектарды құрайды. Әулие Серапион өңір басшысына  шіркеудің атауын Христостың құрметіне қоюды ұсынды.
Кездесу барысында облыс әкімі болашақ шіркеу құрылысының сапасы мен мерзіміне көңіл аударды. Ол шіркеуге жақын жатқан аумақты абаттандырып, жасыл желекті баққа айналдыру қажеттігін ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар