Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибраимов хабарлады.
2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысы қабылданды. Осы құжаттың аясында мемлекеттік меншіктегі ірі және орташа нысандарды сату көзделген. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында да өзекті болып табылады, себебі, бұл қазақстандық экономикаға инвестицияларды тартып, халық шаруашылығы субъектілерін басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
– 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес 496 нысан жекешелендіруге жатады. Осы жылдың 5 маусымындағы жағдай бойынша сатуға 313 нысан қойылды, олардың 173 сатылды, соның ішінде республикалық меншік бойынша
8 нысан, коммуналдық меншік бо-йынша – 75, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 51 және холдингтер 39 нысан сатылды, – деп
атап көрсетті Қалымжан Ибраимов.
Сонымен қатар, спикер мемлекеттік меншік нысандарын сатудан республикалық бюджетке 860 миллион теңге, облыстық бюджеттерге – 811 миллион, холдингтерге – 50 778 миллион және ӘКК-ге 2 917 миллион теңге түскендігін атап өтті.
Осылайша жекешелендіру жаңа мемлекеттік жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қомақты қаржы түсіруге мүмкіндік берді.