Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қылмысты барынша азайту – біз үшін әркез басты міндет» - АРҚА АЖАРЫ

«Қылмысты барынша азайту – біз үшін әркез басты міндет»

 

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры
Жайлаубек ХАЛЫҚҰЛЫ:

 

Ежелден құқық қорғау органдарына қойылатын талап пен жүктелетін міндет қашанда зор болып қала береді. Өйткені, Отанымыздың тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпті қадағалау мемлекеттік маңызы арта түсіп отырған аса жауапты істің бірі.

 

Бүгінде ақмолалық тәртіп сақшылары өз қызметтерін адал атқарып келеді деп нық сеніммен айта аламын. Күн сайын ондаған қылмыстың алды алынып, тұрғындардың еш үрейсіз өмір сүруі соған дәлел бола алады. Тіпті, қылмыс жасалған күннің өзінде жаңа технологиялардың арқасында кінәліні тез анықтап, тиісті жазасын беруге қауқарлымыз. Мәселен, биылғы жыл басынан бері 8898 қылмыстық іс тіркелсе, қызметкерлеріміз оның 5500-ден астамын аз күннің ішінде әшкерелеп үлгерді. Бұл да құқық қорғау қызметінің жеделділігін көрсетеді.
Осы мәселені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауларында  және де жуырда жария еткен «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам: баршаға арналған қазiргi заманғы мемлекет» атты реформалық бағдарламасында да атап көрсеткен болатын. Президентіміз әсіресе, құқық қорғау қызметіне жаңадан келген жастарды тәрбиелеп, кішігірім қылмысқа бейжай қарамауды, полицейлер арасында біліктілікті тексеретін арнайы емтихандар өткізіп  отыруды қатаң тапсырды. Осы мақсатта біздің департамент іс-шаралар жос-парын құрып, жұмысқа жаңа мақсаттармен кірісіп кетті.
Қазіргі таңда облыстық ішкі істер департаментінде 200-ге жуық жас маман қызмет етеді. Олардың барлықтары да іс-тәжірибесі мол бір-бір білікті тәлімгерлерге бекітілген. Ішкі құрамның мергендік қабілеттерін арттыру мақсатында ай сайын қару атудан оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, жыл басынан бері жұмысқа жарамсыз деп танылып, қызметінен босатылған азаматтар тіркелген жоқ. Тестілеу кезінде бәрі өз дәрежесінде білім деңгейін көрсетіп, өз кәсібінің мамандары екендерін дәлелдеп берді.
Осы орайда, облыс аумағында үстіміздегі жыл басынан бері орын алған қылмыстық, әкімшілік заң бұзушылықтарға да тоқталып өтсек. Биыл заңсыз есірткі тасымалдау бо-йынша 99 қылмыстың беті ашылып, 80 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Қылмыстың алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралар да өз нәтижесін беруде. Қолымызда бар мәліметтер соңғы жылдары қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны азайғанын көрсетіп отыр. Облысымыздағы қоғамдық орындарда орнатылған 241 бейнебақылау қондырғылары да осынау іске өз септігін тигізіп жатыр. Өткен жылы мұндай қондырғыларды сатып алуға жергілікті бюджеттен 43 миллион теңге қаржы бөлініп, ол ақшаға сатып алынған бейнебақылау камералары облыс орталығындағы Горький көшесі, Абылай хан даңғылы мен қалалық емхана аумағына орнатылды. Соның арқасында тыйым салынған жерде темекі тұқылын тас-тау, шемішке шағу, қоқыс лақтыру сынды үш мыңға жуық заң бұзушылықтың беті ашылды. Жуық арада Ғабдуллин, Әуелбеков, Сәтбаев көшелерінің бойындағы аулаларға да осындай қондырғылар орнатамыз деп отырмыз.
Жалпы, ағымдағы жылы 59 409 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, соның басым бөлігі жол жүру ережелеріне қатысты жасалған қылмыстар. Қоғамды алаңдатып отырған тағы бір мәселе – кәмелет жасқа толмағандардың да қылмысқа баруы. Осы күні облыс бойынша барлығы 807 жасөспірім арнайы есепте тұр. Олардың қылмысқа бармауы үшін заңды түсіндіріп, құқықтық сауаттылығын арттыру қажет екенін жақсы білеміз. Бұл мәселе бойынша да айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен де, есепте тұрған балалардың ата-аналары, туған-туысқандары да бір жағынан шығысып, ұл-қыздарының қоғамның сыйлы бір мүшесі етіп қалыптасуына үлес қосса екен деген тілегіміз бар. Себебі, отбасында алған тәрбие аса маңызды. Ата-анасынан жақсылықты біліп өскен бала ешқашан тәртіп бұзбайды деп ойлаймын. Еліміздің болашағы осы балғындар болғаннан кейін оларға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, ақ пен қараны айыра білуді үйрету – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Бұл жай айтыла салған сөз емес. Қоғам біріксе талай биіктерге қол жеткізуге болады. Мәселен, тұрғындардың құқық қорғау қызметкерлеріне қылмысты ашуға қолғабыс етуі игі дәстүрге айналып келеді. 2014 жылы қарапайым азаматтардың көмегімен 558 қылмыскер құрықталса, биыл заңды бұзған 569 адам ұсталды. Полиция қызметкерлеріне жәрдемдескен ол азаматтарға ақшалай сыйлықтарды табыс еттік. Айтып өткеніміздей, қазіргі заманда құқық қорғау саласына  енгізіліп жатқан жаңа технологиялар қылмысты артын
суытпай ашуға мүмкіндік береді. Бұрындары ашуға қиындық келтіретін қылмыстық істерді қазір әп-сәтте анықтауға болады. Сондықтан да, кейбір азаматтарға айтарым, шалыс қадамға бармас бұрын ойланып алған жөн. Себебі, аңдамай істеген әрекет бүкіл өміріңізді қара түнекке айналдыруы мүмкін.
Өңіріміздегі криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында арнайы бағдарламалар арқылы көп жұмыстар тындырылуда. Ауыр қылмыстан бастап ұсақ-түйек ұрлыққа дейінгі заң бұзушылық адамның құқығын бұзатын көріністер болып табылады. Сондықтан, өркениетті ел боламыз деп талпынып жатқан шақта қарапайым адамдардың жеке қауіпсіздігін қорғау үшін құқық қорғау органдары барынша құлшына жұмыс істеуі керек. Менің ойымша біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері өздеріне жүктелген мерейлі міндеттерді адал атқаруға тырысады. Өйткені, адамның мүддесінен биік ештеңе жоқ. Біз де осы мақсатта еңбек ететін боламыз.
Сөз соңында барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық тілегім келеді. Елбасы өзінің бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» деген еді. Олай болса, біз қай салада қызмет етіп жүрсек те, ең алдымен елдік мүддені биік қоюымыз керек. Сонда ғана ел де өркендейді, жұрттың да әл-ауқаты жақсаратын болады. Қазақстан полициясы күні – өшпес ерлік пен қайсарлықтың, биік рух пен адалдықтың, шыншылдық пен батылдықтың бағаланып, берекелі ел тыныштығын сақтауда қоғам мен халық игілігіне қызмет етуді мұрат тұтқан азаматтарға ризашылық пен алғыс білдіру күні. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болған батырларға тағзым етіп, еске алу мен құрмет көрсету күні. Отан алдындағы адал қызметтеріңіз әркез еленіп, тәртіптің айнымас тірегі болып жүре беріңіздер, құрметті әріптестер!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар