Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сауатты сатып алуға бола ма?!. - АРҚА АЖАРЫ

Сауатты сатып алуға бола ма?!.

Дипломды ақшаға сатып алғанмен, білімді сатып ала алмайсың. «Оқу – инемен құдық қазғандай», сол себепті білім деген маңдай термен, жылдар бойы оқып-ізденумен келеді.

Сауатымды оңай жолмен ашам, не сатып алам деген сөздер бос әурешілік. Бірақ, студенттер бұның барлығын естіп жүрсе де, жалқаулығы жеңіп, дипломдық жұмысты сатып алуды әдетке айналдыруда. Дұрыс білім алмаса, өздерінің атқарар қызметтерін білмесе, ұлт ұрпағының болашағы не болмақ?
Бір таныс студент дипломдық жұмыс жазып беруімді өтінді. Жазып бергім-ақ келді, алайда, өзі зерттемеген, түсінбеген жұмысты қалай қорғайды? Қорғағанда ақшамен құтылса да, одан әрі қызметін қалай істейді?
Екінің бірі біреу жазып бермесе, ғаламтордан көшіріп, не болмаса сатып алады. Қазіргі таңда қай тақырып болмасын, ғаламтордан дайын түрін таба аласың. Дайын түрін таппасаң да, арнайы тапсырыс беріп, ақшасын төлесең, бір-екі күнде дипломдық жұмыс дайын. Оған қоса, студенттің  оқымайтынын біліп, оны дұрыс жолға салудың орнына, ақша төлесең өзіміз жасап береміз дейтін мұғалімдер тағы бар. Студенттің өздігінен еңбек етпеуі осыдан. Бір жағынан Интернет, бір жағынан мұғалім тұрғанда несіне курстық жұмыс жазып қиналады?!.
Университетке түскенімде ұлттық бірыңғай тестілеуден 121 балл алдым десем, сатып алған шығарсың деп ешкім сенбейді. Кейбіреуі керісінше сатып алғанын, не өзінің орнына ақша төлеп өзгені кіргізгендігін жасырмайды. Бірі өзі алса да, жетісерлік білімі жоқ, құр тестілердің нұсқаларын жаттап алған. Абайдың қай жылы туып, қай жылы қайтыс болған күндерін біліп, өлеңдерін, қара сөздерін білмейді. Тарихтан аштықтың қай жылы болғанын білсе, оның қандай қасірет әкелгендігі туралы хабары жоқ. Барлығын жаттап алып, құтты бір робот тәрізді.
Тағы бір мәселе, қазақ тілі ұлттық бірыңғай тестілеуде тест күйінде өткендіктен, сөйлем құраудың, қазақ тілінде сөйлесудің қажеті жоқ. Сол себепті қазақ тілінде мектеп бітіріп, бірақ, сөйлем құрай алмайтын, ережені жаттап алған балалар да жақсы балл алып жатады. Одан әрі университетте барлық мамандықтарда қазақ тілін оқытпаған, қызметте де қажеттілік болмаған соң, ешкім бұған жанын  қинамас.
Кешегі даналарымыз «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Бұл мәселелер жастарға кері әсер етеді, ал, жастар – елдің болашағы. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» демекші, кейін опық жеп қалмасақ болғаны. Осыған мән беретін тиісті орындар, үлкендеріміздің ақылы қайда?!.
Рамазан ТӨЛЕУБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар