Қараегін ауылында жергілікті кәсіпкер Асқарбек Ахметов қымызхана ашты.
Шаруақор азамат жылқы өсірумен айналысады. Оның бір үйір жылқысы бар. Кәсіпкер қымыз дайындаумен әуелден шұғылданып келеді. Енді ұлттық нақыштағы демалыс орнын ашып, ауруға шипа, сауға қуат болатын қымыз тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Қара қарғаның миы қайнайтын маусымның ыстығында ас атасын аңсап жиналатын жұрттың қарамы да көбейген. Олар кәсіпкер Асқарбек Ахметовтің қымызханасынан дәм татуға келіп жатыр. Алдағы уақытта кәсіпкер қымызды Астана нарығына шығаруды көздеп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.