Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көше жолдары биыл қаншалықты жақсарады?.. - АРҚА АЖАРЫ

Көше жолдары биыл қаншалықты жақсарады?..

Қазақта «Жол азабын жүрген біледі» деген аталы сөз бар.  Бүгінгі таңда жолдың дұрыс, талапқа сай болуы өмірлік қажеттілік. Өркениетті ел боламыз десек, оны жолдан бастағанымыз абзал.

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауында әлемді жаулаған дағдарысқа қарсы әрі еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуына нақты шаралар белгіленіп, міндеттер айқындалды. Сол міндеттердің қатарында жергілікті жолдарды ретке келтіру, жөндеу жұмыстары да бар. Мұның өзі көп жылдар бойы жөнделмегендіктен тозығы жеткен, соған орай автокөлік байланысын қиындатып отырған жолдарды жақсартумен бірге жүздеген адамды еңбекпен қамтуға да оң жағдай туғызып отырған жайы бар. Осы ауқымды шаралардың шеңберінде Көкшетаудағы қалаішілік жолдар жөнделіп, қайта қалпына келтірілуде. Бұған мамыр айы басталысымен қаладағы бірқатар көшелерде жаппай жөндеу жұмыстары қолға алына бастағаны айқын дәлел. Осы орайда, Көкшетау қалалық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Қадыралиннен сұрап білген едік. Оның айтуынша, бүгінде қаладағы бірқатар  көшелерде бастапқы жұмыстар жүргізіліп, біршама жаға жолдар ауыстырылған.
–Көп жылдардан бері жөнделмеген бұл көшелердің асфальті желініп, ойылып қалған ой-шұңқырлар көп. Міне, сол ой-шұңқырларды тегістеп, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында бірсыпыра шаруалар тындырылғанымен, алда әлі атқарылатын істер көп. Ендігі уақытта жөндеу жұмыстарының негізгі кезеңі басталмақ, – дейді Абай Қадыралин.
Сонымен қатар, ол жалпы, жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2 миллиард теңге қаржы бөлінгенін де атап өтті. Мәселен, Абай көшесін жөндеу үшін 2013 жылы басталған жоба бойынша бюджеттен 1,49 миллиард теңге қаржы бөлінсе, 38,3 миллион теңгеге «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамынан бастап, «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнына дейінгі жол аралығы, Набережная көшесінің бойы 95,2 миллион теңгеге, Жеңіс көшесінің бойы 300,3 миллион теңгеге және Сәтпаев көшесінің бойы 297,4 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізілмек. Қаланың басқа да көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Абаттандыру жұмыстарымен қатар, жылу және су желісінің апатты деген учаскелеріндегі құбырлар ауыстырылып, қосымша телефон және электр бағаналарын орнату көзделген.
Жоғарыда атап өткен Абай көшесінің бойындағы «Көкшетау» қонақ үйінің алдында автотұрақ пен тротуар салынып жатыр. Оны мердігер «Көкшетау жолдары» серіктестігі қолға алған.
–Құрылыс жұмыстары үш кезеңнен тұрады. Биылғы жылға бюджеттен 195 миллион теңге қаржы бөлінді. Оның 40 миллион теңгесі сәуір айында игерілді. Оған барлығы 65-70 адам тартылған. Мұнда жаңадан автотұрақ пен субұрқағы бар желекжол салынатын болады,– дейді серіктестіктің бас инженері Руслан Аболенский.
Дегенмен, қазіргі уақытта жазда жауған жаңбыр мен көктемдегі қар суының әсерінен жоғарыда аталған көшелердің асфальт жамылғысы опырылып, жаға жолдар бүлініп, көше бүгінгі талапқа сай келмей отырған жайы бар. Сондай-ақ, жол төсемдерінің, жол астындағы жылу жүйесі мен су құбырының бұзылуына қазу жұмыстарының жиі жүргізілуі де әсерін тигізбей қойған жоқ. Осыны ескере отырып, жөндеу жұмыстарымен қатар, жылу жүйесі, су құбыры мен кәріздер түгел ауыстырылмақшы. Ал, Әуелбеков көшесінен бастап, Уәлиханов  көшесіне дейінгі аралықта, яғни, Жеңіс көшесінің бойы (1033 метр) жөнделуде.  Бұл көшедегі жұмыс сәуір айында басталып, оны қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.
–Құрылыс алаңында 23 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 экскаватор, 2 жүк көтергіш, 1 грейдер және 5 жүк көлігі жұмылдырылған, – дейді «Көкшетау жолдары» серіктестігінің учаске басшысы Микаэл Анушабанян.
Жол бойында ақ тер, көк тер болып жүрген Әділбек Игібергенов, Асхат Абдулов, Олег Шнурко, Виталий Порох, Лев Черепанов сияқты жолшылардың қауырт қимылынан-ақ жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын аңғаруға  болады. Сонымен қатар, қала бойынша 354 ағаш көшеті отырғызылып, тұрғындарға шағын демалыс орындарын салу да  ескерілген. Жаңарту барысында жол жиегіндегі суағарлар толығымен ауыс-тырылып, көше жарық қондырғылармен жабдықталмақшы. Осы орайда, қаланың шеткері көшелері де назардан тыс қалмайтын болады.
Жалпы, биылғы жылы Көкшетау қаласын абаттандыруға 300 миллион теңге бөлінген екен. Мысалы, Бурабай шағын ауданында 4 аулада, 8 көпқабатты тұрғын үй маңында абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жоба бойынша бордюрлерді, қоршауларды, тас жол бетонды және негіздерді жабу, құдықтарды көтеру, тротуарларды, тіке жолдарды, автотұрақтарды ауыстыру бойынша жұмыстар қарастырылған.
Жалпы қорыта келгенде, облыс орталығындағы көшелердің қазіргі жай-күйі қанағаттанарлық дәрежеде деп айтуға болады. Өтпелі кезеңнің ауыр жылдарында жол мүлдем қараусыз қалғандығы белгілі. Осыған орай, жолдарымыз тоза бастаған еді. Бірақ, соңғы жылдарда жол құрылысына бөлінетін қаржы көлемі артып, бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар қолға алынды. Тозығы жеткен көшелеріміздің дені  жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы да жолды сақтау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына да жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінетініне сенім мол.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар