Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құқықтық мемлекеттің айқын бағдары - АРҚА АЖАРЫ

Құқықтық мемлекеттің айқын бағдары

Біздің ата-қонысымыз талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, әдеби мұралар өртеліп, жазықсыз жандар құрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ, қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері сақталып, аман қалған әрбір Алаш шаңырағынан рулы ел тарап, халық өсіп-өне  берді. Осылайша ата-бабамыз ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етті. Осы сайын далада бүгін өз Ата Заңы бар тәуелсіз мемлекетіміз дамып, өркендеу үстінде.

Өз азаттығымызды алғаннан кейін ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.  Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз елдің демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Құқықтық мемлекет құру мен  қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру  жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен, Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау  мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президенттік басқарудағы республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.  Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ ұлтының рухани-мәдени  және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру арқылы жүзеге асады. Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конс-титуция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Оны қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің өз Ата Заңымыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан, саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі  нығайтуды ойлауы керек.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Өйткені, Негізгі Заңның бас авторы да Елбасы деп толық сеніммен айта аламыз.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп  жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының  тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Сондықтан, мемлекеттік билік те біртұтас деп көрсетіледі. Бұл билік Конс-титуция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып  дараланған. Мұндағы мақсат билікті  біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысының конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конс-титуция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір бас-ты артықшылығы – меншіктердің әр алуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен қатар, жекеменшік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Негізгі Заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атау-лы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс,  сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады. Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.
Арман ДҮЙСЕНБАЕВ,
Ақмола облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының  бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар