Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай, жыл бойы жаны сүйген қызметіне адал, кәсібіне жоғары жауапкершілікпен қараған журналистер қауымы өзгеше сипаттағы қошеметке ие болып, бір жасап қалды.
Өне бойы өзгенің жетістігін, өзгенің мерейін жазып келе жатқан ақ тілеулі қалам иелерінің жұлдызы жанып, әр қилы сыйлықтар мен кәсіби салаларда берілетін атақтарға ие болды. Салтанат үстінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жиналған БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтап, бір топ журналистерге «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды. Олардың ішінде зейнеткер журналистер Сайлау Көшкенұлы, Балталы Сәрсенбаев, Дәуренбек Шөрентаевтар бар. Сондай-ақ, облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі Бақыт Смағұл да бар.