Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Істі ширату қажет - АРҚА АЖАРЫ

Істі ширату қажет

 Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин  Көкшетау қала-сындағы бірқатар нысандарды аралап көрді, сондай-ақ, өндіріс ошақтарының жұмысына назар аударды.

  Облыс әкімі алдымен «Юбилейный» стадионында болып, 8000 адамға арналған спорт алаңының жобасымен танысты. Бұл  спорт нысаны футбол ойнауға және жеңіл атлетикамен шұғылдануға бағытталмақ. Ашық аспан астындағы спорттық алаңды жауапкершілігі шектеулі «SanСтройСервис» серіктестігі қолға алып отыр. Серіктестіктің басшысы Андрей Клесовтың айтуынша, жоба  жүз пайыз дайын тұр. Енді тек  жобаны мақұлдау ғана қалған. Жоспар бойынша мұнда көрермендерге арналған төрт мінбе қарастырылған. Сондай-ақ, ауа райының құбылмалығына қарамастан ойын ойнауға ыңғайлы болу үшін алаңды жылытуға арналған қондырғылар орнатылмақ. Облыс басшысы ұйғарым шығарып, бір айдың ішінде барлық жұмыстарды тындыруды тапсырды. Әрі триатлон мектебінде  жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Бұдан кейін облыс әкімі жаңа мешітке барып, абаттандыру және келушілерге арналған көлік тұрағының құрылысына көңіл бөлді. Құрылысшылар қазір құбырларды алып тастап, жер астынан тартып жатыр. Өңір басшысы жерді асфальтпен көмкермей, бедертас төсеу қажеттігін шегелеп тапсырды. Бұл болашақта көптеген жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы болмақ. Ал, мешіттің ішіне ілінетін аспашамдар тамыз айында жеткізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, облыс әкімі «Авиценна» медициналық орталығының жаңа ғимаратында болып, ота жасайтын және емделушілерге арналған өзге де бөлмелерді аралады. Орталықта  сырқаттарға  35 орындық жатын бөлме бар. Оған қоса,  бөлмелер қажетті медициналық қондырғылармен толық жабдықталған.
Облыс әкімі одан әрі астықты кептіріп, сақтап, оны өңдеумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі «Ақмола бидай» серіктестігіне барды. Астық сақтау қоймасының сыйымдылығы 24 мың тоннаға жуық. Ал, екі  астық кептіргіш сағатына 100 тонна астық кептіре алады. Жобаның құны 1 миллиард 200 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта жетпіс адам тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Бүгінде жауапкершілігі шектеулі «Бижан ет өңдеу зауыты» серіктестігі ет консерві өнімдері мен шұжық өндіретін цехты іске қоспақшы. Серіктестіктің мал соятын цехының тәуліктік қуаттылығы
80-90  ірі қара мал. Аталған цех 2011 жылы іске қосылыпты. Нысанға қазіргі заманғы неміс құрылғылары орнатылған. Қажетті шикізат Солтүстік Қазақстан облысы мен жергілікті жерлерден сатылып алынуда. Сондай-ақ,  кәсіпорынның жанында өз өнімдерін сатуға арналған дүкен де бар. Облыс әкімі цехтарды аралап, барлық жобалардың белгіленген мерзімде жұмыс істей бастауын қатаң қадағалайтынын баса айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар