Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүйелі де мақсатты жұмыс керек - АРҚА АЖАРЫ

Жүйелі де мақсатты жұмыс керек

Өңір басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен облыс әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

  Жиынды ашып, жүргізіп отырған облыс әкімі алдымен  күллі мұсылман жамағатын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Алла разылығы үшін ұстаған оразаларының қабыл болуын тіледі.  Бұдан кейін сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбыраева жуырда ғана Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі мен онда қаралған негізгі мәселелер туралы айтып өтті.  Артынша облыстағы діни жағдайды саралай келе, жастардың дінге бет бұру деңгейінің жоғары екендігін алға тартты.  Өңір жастары  арасында жүргізілген соңғы әлеуметтік зерттеулер нәтижелері осыны аңғартқандай.  Кейінгі буынның дінге деген қызығушылығы өкінішке орай, тек рухани қажеттіліктен ғана емес,  сондай-ақ, теріс ағымдардың белсенді түрде жүргізген үгіт-насихаты салдарынан да жоғарылаған. Міне, осы бір үрдістің үдеуіне жол бермеу мақсатында  оқушыларды, студенттер мен маргинальді жастарды барынша  дұрыс ақпараттандыру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.  Бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға Сауд Арабия Корольдігінде жоғары теологиялық білім алған  Дінмұхамед Сманов тартылды. Бүгінде облыс орталығындағы Науан Хазірет мешітінің наиб-имамы ретінде ол аудандарға да шығып, жат ағымдар жетегінде кеткен бауырларымызды дәстүрлі исламға қарай бағыттауды, соларға дұрыс жол көрсетуді қолға алған.
Өңір басшысы өз кезегінде  ақпараттық-насихат топтарының жұмысына көңілінің толмайтындығын жеткізіп,  бұл саланың қыр-сырын білетін, діни білімі жоғары деңгейдегі адамдардың ғана аталған топтарда болуға тиіс екендіктерін еске салды.  Миссионерлерге де қатысты ойын ортаға салған ол  жауапты тұлғаларға шеттен келген өкілдің өз мемлекетінің ғана қағидаларын басшылыққа алмауын, біздің елдік мүддеге қайшы келер әрекеттерге бармауын  назарда ұстауды жүктеді.
Жиында Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Аққожина да сөз алып,  өңірдің жалпы білім беретін мектептеріндегі дінтануға кіріспе сабағының  берілу деңгейін баяндады, араб тілін үйретудің бір жүйеге келтірілгені жөн деген мәселені көтерді. Аталған ауданның бір ауылында  осы тілді меңгертумен айналысқан ұстаз зайырлы мемлекеттің ұстанымдарына қайшы келер идеяларды оқушыларға насихаттаумен айналысыпты. Қазір бұл сабақ тоқтатылған көрінеді. Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Мәликә Нұрпанова болса, аймақта  26 діни бірлестік пен 5 миссионердің барын жеткізіп,  аудандағы ақпараттық-насихат жұмыстарының тиесілі деңгейде жүріп жатқандығына тоқталды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин халықты рухани кемелдендіру жолындағы кеңес мүшелерінің жұмысына табыс тіледі.
Перизат ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар