Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамқорлықты қажет ететін іс - АРҚА АЖАРЫ

Қамқорлықты қажет ететін іс

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта құруды мониторингілеу жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында өңірімізде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.

  Жиынға қатысқан партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов тұшымды ойларымен бөлісті.
Шыны керек, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға бәрі қолжетімді, қоғам арасында олар үшін кедергісіз орта қалыптасты деп айту қиын. Біраз ғимараттарда арбаға таңылған азаматтардың емін-еркін қозғалуы үшін пандустар қарастырылмаған. Қоғамдық кеңес отырысында осы мәселе назардан тыс қалмады. Зеренді ауданында осы мақсатта жоспарланған бірде-бір істің жүзеге аспағаны партиялықтар тарапынан қатты сынға алынды.
Барлық баяндамашыларды тыңдай келе, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов тағдыр тәлкегіне тап болған жандардың мәселесіне бей-жай қарамауды қатаң ескертіп, оларды жұмысқа орналастыру, әркез қол ұшын беру қажеттігін айтса, «Шанс» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Рамазан Мұқатаев мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз орта құрудың тетіктері жайлы әңгімелеп берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар