Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ораза айының тағылымы - АРҚА АЖАРЫ

Ораза айының тағылымы

 Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының  тапсырмасымен Рамазан айын ұйымдасқан түрде өткізуге ден қойылды. Көкше жерінде де жергілікті билік мешіттің ұсынысын қабыл алып, көше бойларына «Қош келдің, Рамазан!» деген айшықты  жазулары бар баннерлер орнатылды.

  Қоғамдық көліктерге де ораза айының тағылымын паш ететін жапсырмалар желімделіп,  ізгілік айынан хабар береді. Бұл өз кезегінде адамдардың бір-біріне деген мейірімділік пен кешірімшіл көңіл-күйін көрсетсе керек. Әркім бұл айды тек  имани тұрғыда өткізу керек екеніне қаныға бастағанын да аңғартады.
Ал, орталық мешіт жаны да құлпырып кеткен бе дерсің. Жылдағыға қарағанда  ерекше абаттандырылып, алқызыл гүлдерге көмкерілген. Әсіресе, тарауық намаздарын мешіт ауласында оқып,  Аллаға құлшылық етуге мол мүмкіндіктер бар. Осының бәрі ораза айының тағылымды бір сипаты дер едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар