Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Хип-хоп билейтін жастар Бурабайда бас қосты - АРҚА АЖАРЫ

Хип-хоп билейтін жастар Бурабайда бас қосты

Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы Бурабай баурайындағы «Звездный» балалар сауықтыру орталығында мәдени қайырымдылық айлығы аясында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай, «Жастар есірткіге қарсы!» атты облыстық хип-хоп фестивалін ұйымдастырды.

Аталмыш фестивальді «Звездный» балалар сауықтыру орталығында демалып жатқан, яғни, Астана қаласы мен Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 300-ден астам жасөспірімдер мен жастар қауымы тамашалады.
Іс-шараның мақсаты – есірткінің адам денсаулығына зиянды екенін түсіндіре отырып, жастарды салауатты өмір салтына шақыру болып табылады. Фестивальге жиналған жастар күрделі қимылдарға толы заманауи хип-хоп билерін биледі. Көкшетау қалалық «Достар» мәдениет сарайының «KidZzz Cky», «Indiana jons», «The Yodo Show» топтары көрсеткен би түрлеріне жиналған жұртшылық жоғары баға  беріп, зор қошемет көрсетті. Жоғарыда атап өткен би топтарының жаттықтырушысы Айдар Мүбараков жиналған қауымға хип-хоптан шеберлік сыныбын өткізді. Жастар арасында би жарыстары ұйымдастырылды.
Кеш соңында облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының бөлім меңгерушісі Асылбек Әбенов сөз сөйлеп, фестиваль жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті. Іс-шара мәдени қайырымдылық айлығы шеңберінде өткендіктен Астана қаласы балалар үйінің бір топ тәрбиеленушілеріне  
мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары сыйға тартылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар