Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұсыныстардың легі әлеуметтік мәселені көтереді - АРҚА АЖАРЫ

Ұсыныстардың легі әлеуметтік мәселені көтереді

 Жыл сайын әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулерін өткізу берік дәстүрге енді. Биыл бұл шара 14 қаңтар және 18 ақпан аралығында жүргізілді. Онда елдегі қолға алынған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жайы жан-жақты көрініс тапты.

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселесі де басты назарға алынып, оның жетістіктері кеңінен әңгіме өзегіне айналды. Адамдар жергілікті билікке өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, шешілу жолдарын бірге қарастырды.
Жалпы, облыс деңгейіндегі әкімдердің есеп беру кездесулерінде барлығы 1151 адам сөз алған екен. Олардың тарапынан 780 ұсыныс жолданды. Бір айта кетерлігі, мемлекеттік органдар басшылары атына сын-ескертпелер айтылған жоқ.
Саралай келе, тұрғындардың барлық ұсыныстары негізінен әлеуметтік сипат алғанын көреміз. Экономикалық және саяси тақырыптардың көтерілмегенін айтар едік.
Ал, келіп түскен 665 ұсыныс пен ескертпеге (85,3 пайыз)  түсініктеме берілсе, 101-і (12,9 пайыз)  орындау тұрғысында өңірлердің іс-шаралар жоспарларына енгізілді. Облыс әкімдігінің қаулысымен бақылауға алынғандар саны – 14 (1,8 па-йыз) болса, республикалық  (2 ұсыныс) және облыстық (2 ұсыныс) деңгейде шешілуге тиістігі анықталды.
Осы жылдың 1 шілдесіне дейін 4 (33,3 пайыз) ұсыныс орындалды. Атап айтсақ, облыстың коммуналдық кәсіпорындары үшін мамандандырылған техника сатып алуға облыстық бюджеттен 200,0 миллион теңге қаржы бөлінсе, мемлекеттік-жеке әріптестік аясында Атбасар ауданының Полтавка орта мектебін жөндеуге 44,0 миллион теңге қарастырылды. Мұның 24,0 миллион теңгесі шаруашылық нысандары қаражатынан  болып отыр.
Сонымен бірге, биылғы жылы облыстық бюджет есебінен 5,7 миллион теңгеге Ақкөл – Новорыбинка жолына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Трансферттер есебінен Атбасар қаласының  Әуезов көшесіне орташа жөндеу жүргізуге 50,0 миллион теңге жұмсалады.
Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстарды орындау жөніндегі толық ақпарат облыс әкімінің сайтында орналастырылатын болады.
Мұратбек ТАҚАМБАЕВ,
облыс әкімі аппаратының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар