Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржылық бақылау күшейтіледі - АРҚА АЖАРЫ

Қаржылық бақылау күшейтіледі

Ел Президентінің 2014 жылдың 26-ыншы желтоқсанындағы  Жарлығымен  2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы  бекітілген.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежеп,  оның жағымсыз салдарының түптеп келгенде ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатер төндірері белгілі.
Аталған қатерлі дертпен күрестің ең тиімді жолдарының бірі  мемлекеттік тәртіпті нығайтып,  мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға, олардың өз қызметтік лауазымдарын асыра пайдалануына жол бермеуге бағытталған тәртіптік кеңес құру болып табылады. Тәртіптік кеңес құрамына  құқық қорғау органдарының,  жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының, сонымен қатар, облыстық тексеру комиссиясының өкілдері кіреді.
Тексеру комиссиясы өз кезегінде  жергілікті бюджеттің орындалуы бо-
йынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады.   Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің сапасы мен деңгейін арттыруға байланысты  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп,  алдын алу шараларын ұйымдастырады және мемлекеттік орган, мекеме, кәсіпорындардағы  жіберілген қаржылық олқылықтарды анықтайды.
Бұдан басқа, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі.  Осы айда Ерейментау және Ақкөл аудандарында көшпелі шаралар ұйымдастырылды.   Ол жиындар барысында Тәртіптік кеңес құрамындағы  жұмыс жайлы түсініктеме беріліп, өтініш білдірген тұрғындардың өзекті мәселелері қаралды.

Мереке МҰСТАФИН,
Ақмола облысы бойынша
тексеру комиссиясының төрағасы,
тәртіптік кеңес мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар