Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда квота бойынша 38 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеуде - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда квота бойынша 38 мыңнан астам шетелдік жұмыс істеуде

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында инвесторларға жағдай жасауды, АҚШ, Канада, Австралия және тағы да басқа елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғары білікті шетел мамандарын тарту бағытындағы көші-қон тәртібін қайта қарауды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындаудың барысын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған конференцияда:
– Жалпы отандық көші-қон саясаты екі қағидаға сүйенеді: біріншісі – ішкі еңбек нарығын қорғау, екіншісі – шетелдің біліктілігі жоғары мамандарын тарту. Біздің елде қазіргі уақытта шетелдік еңбек күшін тарту тәртібі квота бөлуге және рұқсат беруге негізделеді. Квотаны Үкімет белгілейді, олар елдегі шетелдік еңбек адамдарының сан мөлшерін бекітеді. Кейін ол квоталар жұмыс берушілердің өтініштеріне байланысты аймақтарға үлестіріледі, – деді вице-министр Біржан Нұрымбетов. Оның мәлімдеуінше, біздің елімізде бүгінгі күні 38346 шетелдік сарапшы ресми түрде жұмыс істеп жүр. Олардың 63 пайызы жоғары білікті мамандар, топ-менеджерлер, орта деңгейдегі басқарушылар, 37 пайызы – білікті мамандар мен жұмыскерлер. Сонымен қатар, 144 елден келген шетел мамандары еңбек етуде, олардың 60 пайызы құрылыс саласында жұмыс істейтін көрінеді.
Қазіргі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленіп жатқандығы  жөнінде де айтып өтті өз сөзінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.
– Заң жобасында шетел мамандарын квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылуда. Шетел жұмыскерлері үшін өздігінен жұмысқа орналасу бойынша басым бағыттар анықталатын болады, – деді вице-министр.
Сондай-ақ, заң жобасында жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру ұсынылмақшы. Егер бұған дейін квота Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғынына пайыздық арасалмағы негізінде белгіленсе, енді шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны экономикалық қызметтің түрі бойынша сала жұмыскерлерінің санына қатысты пайыздық арасалмақпен анықтау қарастырылады.
Рұқсатнама ақылы негізде беріледі. Рәсімдеу шараларын жеңілдету мақсатында рұқсатнама беру Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі.  Ішкі корпоративтік ауысулар рәсімдерін жеңілдету ісі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарымен сәйкес жүзеге асырылатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар