Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Несиелер қайта қаржыландырылады - АРҚА АЖАРЫ

Несиелер қайта қаржыландырылады

Алматыдан келген банк омбудсманы Ерсерік Сиырбаев «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ғимаратында азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді. 

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен ипотекалық төлемдерді қайта қаржыландыру бағдарламасы қабылданған болатын.  Ол үшін Ұлттық Банктен 130 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, бұл сома өз кезегінде жиырма мыңға жуық ипотекалық төлем мәселесін біржақты етпек. Нақтырақ айтсақ, бұрынғы несие қайта қаралып, кейіннен ол сома үш пайыздық жарнамен қайтарылады.
 Бұл жолғы қоғамдық қабылдауда аталған мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріп келген азаматтар көп болды. Банк омбудсманы Ерсерік Сиырбаев барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, ипотекаға қатысты қордаланып қалған мәселелерді қалай шешуге болатыны жайлы кеңес берді. Айта кетейік, бағдарлама 2004-2009 жылдары банктен ипотека алып, оны төлеуге мүмкіндіктері жетпей жатқан әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға арналған.
– Соңғы он жылдың ішінде елімізде екі рет теңге құнсызданды. Бұл несиені АҚШ валютасымен алған азаматтарға ауыр соққы болғаны анық. Олардың санасында «банктің ақшасын қалай қайтарамыз, кепілдікке қойған үйімізден айырылып қалмаймыз ба?» деген үрей басым. Сол себепті, мемлекет сондай жандарға көмек қолын созып, игі істі қолға алып отыр. Болашақта мұндай жағдайға душар болмас үшін азаматтарға айтар тілегім, несие алардың алдында терең ойланыңыздар, – деп банк омбудс-маны қабылдауға келгендерге  мұндай қадамға барлық төлемдерді көтере алатынына сенімді болған жағдайда ғана бару қажеттігін ескертті.
Өкінішке орай, көп адамдар болар іс болып, бояуы сіңгеннен кейін ғана ойлана бастайды. Қабылдауда Ермек есімді қала тұрғыны 2008 жылы анасының пәтерін кепілдікке қойып, несиеге баспана алғанын, қазір жұмыссыз қалғандықтан соны төлей алмай жүргенін ашып айтты. Ал, банкке барғанында олар бағдарламаға қатыстырудан бас тартқан. Осы және басқа да мәселелерге қабылдау барысында нақты жауаптар беріліп, облысымызда құрылған ипотекалық төлемдерді қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі комиссияға ұсыныстар жолданатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар