Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Саяжайларда қордаланған мәселе көп - АРҚА АЖАРЫ

Саяжайларда қордаланған мәселе көп

Облыс орталығының іргесіндегі саяжайларда жаз келісімен қайнаған тіршілік бас-талады.  Бау бақшада еңкейген кәріден еңбектенген балаға дейін қарап қалмай, жақсы өнім алу үшін тырбанып жатыр. Қаз-қатар тізілген жүйектерде көкөністің сан түрі өсуде. Алыстан көздің жауын алар қызыл шие, таңқурай самсап тұр. Негізі, қара қарғаның миы қайнаған аптап ыстықта бақшаны баптау оңай емес. Десе де, қоңыр күз келіп жеткенше жердің төсін емген бағбандар бау бақшада табан аудармай жұмыс істеп, қыстың қамын жасаумен әлек.

Бұл бір жағынан қала тұрғындарын арзан бау бақша өнімдерімен қамтамасыз етудің  көзі болып табылады. Қала маңындағы  Зеренді, Краснояр және Еленовка бағытында 23665 саяжайлардың 9261 учаскесін ғана иелері шама-шарқы келгенше  қараусыз қалдырмай, кәдеге асыруда. Көкшетау қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Дәулет Есқақовтың сөзіне жүгінсек, бүгінде аталған тас жол бойындағы пайдаланылатын саяжайларда тұрақты түрде жыл сайын көкөністер отырғызылып, бірен-саран аумақта иелері тұрғылықты тұрады.
Осы ретте, саяжайлардың бүгінгі хал-ахуалын өз көзімізбен көріп, бағбандардың мұң-мұқтажын білу үшін Зеренді бағытындағы саяжайларға жол тарттық. Қала сыртында орын тепкен саяжайда адам көргісіз айқұш-ұйқыш жолдардың қайсысына түсерімізді білмей біраз дал болдық. Бірінші рет келіп тұрған біз жолдардың сапасын көріп жағамызды ұстасақ, саяжайлардың иелері үшін бұл көптен бері түйіні шешілмеген түйіткілді мәселе. Жол-жөнекей кездескен зейнеткер Виктор Красниковтың айтуынша, саяжай иелері жолдың сапасы сын көтермейтінін қанша айтса да, мәселенің шешімі қаржыға келіп тіреліп, шешімін таппай келеді. Әрі жаз айларында төленетін жарна есебінен жөндеуге ниет білдірген тұлғалар да табылмапты. Жолды асфальтпен көмкерудің орнына, шұрық-тесік шұңқырларды жамап-жасқап, бетін тегістей салады. Уақыт өте келе ол жолдар қайта ырым-жырым болады. Соны ауыз толтырып «жолдарды жөндейміз» деп айтады-мыс. Енді амал нешік? Әйтеуір, учаскеге жету үшін  жеке көлікпен ақырын аяңдап, жолдың ойық шұңқырын айналшақтап жетіп жүр. Қыс мезгілінде саяжайға бас сұқпайды. Оған қажеттілік те, жол да жоқ. Астында көлігі бар иелердің жағдайы түсінікті. Ал, саяжайға автобуспен қатынайтындардың жағдайы қандай деген сауалға тұшымды жауап алу үшін жолаушылар тасымалы қауымдастығына хабарласқан едік. Жетекші инженер Марина Ливанская мәселенің мәнісін түсіндіріп, аталған бағытта автобустар күнде жүріп тұратынын алға тартты. Тек қыс түскенде Зеренді бағытындағы автобустар жүруін тоқтатады. Себебі, саяжайдың ішін қар басып, көліктің қатынауы қиындай түседі екен. Иә, шынымен бес жыл бұрынғы уақытпен салыстыратын болсақ, бүгінде автобустардың жүру жиілігі реттелген. Тұрғындар тарапынан да бұл жөнінде ешқандай наразылық орын алмаған.
Алайда, бұдан басқа саяжай иелерін санасын сансыратқан мәселелер баршылық. Мәселен, сумен қамтамасыз ету және электр желісін өткізу.  «Дачник» тұтынушы кооперативінің төрағасы Алексей Шумейко жауапты тұлғалар электр желісін өткіземіз деп сөз бұйдаға салып жүргеніне наразы. Олар Краснояр жақтағы саяжайларға желіні қаладан тартуды бастап, істі аяқсыз қалдырған. Ал, олардың өз кезегінде бұл жәйтті түсіндіруге құлықсыз болып шыққаны тіпті түсініксіз. Саяжай тұрғындары қалған желінің сымдарын көздің қарашығындай сақтап жүргенімен, 9-шы мамыр күні мерекені пайдаланып ұрылар сымдарды жымқырып кеткен. Сөйтіп, аяқ астынан қолда барынан айырылып отыр. Оның ұзындығы  төрт шақырым болыпты. Төраға бағбандарға мемлекет көмек көрсетсе, саяжайдың жағдайы әлдеқайда жақсы болар еді дегенді айтады. Әйтпесе, көмекке жүгінер болса шенді-шекпенділер «заңда ондай бап жоқ» деген уәжді айтып, ат-тонын ала қашады. Дегенмен, саяжайлардың жағдайы мәз болмаса да, мұнда көшіп жатқан жұрттың қарасы көп. Олардың дені  жастар. Себебі, көбінің қалада баспана жалдауға қалтасы көтермейді. Мұнда қысқы уақытта 142 адам тұрып шықты. Мұның өзі саяжайлардағы ұрлық оқиғаларының жиілеуін азайтпақ. Соның бірі – Максим Желудь 2013 жылы жұбайымен саяжайға көшіп келген. Үйді қалпына келтіріп, маңын абаттандырыпты. Бүгінде мұнда көшіп келгеніне мүлдем өкінбейді. Керісінше, өсіп келе жатқан қызының таза ауаны жұтып, бақшада өскен көкөністі жеп ержететініне қуанышты.
Учаскелерді аралап жүріп, ерлі-зайыпты Анатолий мен Раиса Тумашевскийлердің бау бақшаны баптап жатқандарының үстінен түстік. Бақтың іші қыздың жиған жүгіндей жинақы, бір бөлігінде жеміс пен көкөніс самсап тұр. Тіптен, аяқ алып жүрер жер де таппайсыз. Біз жөнімізді айтып, ентелеп бақша ішіне ұмтылдық. Раиса әже бірден бақша дақылдарын көрсетіп, тәтті шиеден дәм татқызды. Сөйтіп, саяжайдың қызығы мен шыжығы туралы әңгіменің тиегін ағытты.
– Біз таң сібірлеп атысымен саяжайға асығамыз. Мол өнім алу үлкен мехнатты талап етеді. Бұл бір жағынан бізге ермек. Қаланың шаңын жұтқанша, таза ауада еңбек етіп, еркін тыныстағанға не жетсін! Алайда, тер төгіп еңбек етсек те өніміміз ұрыларға бұйырып жатады. Сол себепті, бақшаны  көршілерімізбен кезектесіп қарап жүреміз,– деп қынжылды әже.
Қазіргі уақытта ұрлық сәл бәсеңсіген. Бағбандарға одан қатты бататыны судың аптасына бір рет қана келуі. Бұл оларға үлкен қиындық тудыруда. Жаз құрғақ болса, жағдай одан бетер ушыға түседі екен. Ал, су келетін құбырлар 1981 жылы орнатылып, бүгінде әбден тозығы жеткен. Тым болмағанда,  саяжай иелері  орталық құбырларды ауыстырса екен деп үміттенеді. Міне, облыс орталығының маңындағы саяжайлардың жағдайы осындай!

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар