Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жасаған жақсылығың қайтып оралады деген осы... - АРҚА АЖАРЫ

Жасаған жақсылығың қайтып оралады деген осы…

 Айтыңызшы, сіз өміріңізде бір нәрсеңізді жоғалтып көрдіңіз бе? Бәлкім, көшеде кетіп бара жатып, біреудің затын тауып алған боларсыз?..

Бұлай дейтінім, «бәленше-түгеншемді тауып алсаңыздар иесіне қайтарып беріңіздерші» деген хабарландыруларды көргенде бұ дүниеде еш нәрсесін жоғалтпайтын жан жоқ сияқты, бәрі әйтеуір бірдеңені іздеумен өмір сүретін сияқты көрінеді де тұрады. Жұртты айтам-ау, жақында ғана мен де алтын сырғамды жоғалтып ала жаздадым. Оқиға былай болды…
Демалыс күндері отбасымызбен бір көңіл көтеріп қайтайық деп киноға бармаймыз ба?! Бір кезде қызым орындықтың астында жатқан ұялы телефонды көрсетті. Әлгі заттың біреудің қалтасынан түсіп қалғаны анық болғасын, сол сәтте өткен-кеткеннен сұрастырып иесін іздей бастадық. Кино аяқталып, халық залдан тарап кеткен сәт болатын. «Құдай-ау, мына заттың иесін қайдан табамыз?» деп жолдасым екеуміз бір-бірімізге қарап қоямыз. Ақыры осы бетімізбен үйімізге қайттық.
Сағат түн жарымы болды.  Қарасақ, әлгі жоғалған телефонның  даусы шырылдап жатыр екен. Тұтқаны жолдасым алды.
– Алло, сіз телефонның иесісіз бе, біз оны кинотеатрдан тауып алдық, – деді ол бірден мән-жайды түсіндірмек болып.
– Солай ма, алдын ала рахмет. Қалай алып кетсем болады?
Осылайша телефон иесіне қайтарылды. Санжар есімді әлгі жасөспірімнің телефонын көргенде қуанған жүзін көрсеңіз ғой. Құдды бір миллион ұтып алғандай іспетті. Енді, қуанбағанда қайтсін. Оның үстіне сол телефонды жоғалтардың алдында бір күн бұрын ғана оған әке-шешесі қымбатқа сатып әперіпті. «Сіздің орныңызда басқа біреу болса, телефонды өзі иемденіп алар еді», – деп қояды Санжар.  
Ал, менің сырғам ше? Бір қызығы құлағымдағы алтын сырғамды телефонды иесіне қайтарған күннің кешінде автобуста байқаусызда түсіріп алыппын. Абырой болғанда, оны бір бейтаныс қыз байқап қалып, автобустан енді түсейін деп жатқанымда өзіме әкеп берді.
Қазір ойлап қарасам, біреуге істеген жақсылығың өзіңе қайтып келеді екен. Телефонды иесіне қайтармағанымда менің сырғам да жоғалып кете барар ма еді, кім білсін.
Талай заттың көзайым болып, іздеп жүрген иелеріне  қайтарылмай, рұқсатсыз біреудің меншігіне өтуі «тауып алдым, менікі» дейтін мына біздердің адамгершілік қасиетіміздің жоғалып бара жатқанының белгісі шығар деген ойда қаласың. Өйткені, біреудің затын сұраусыз пайдалану ұрлықпен пара-пар. Мейлі, зат жоғалса, жоғала берсін. Тек, адами қасиеттерімізді көзіміздің қарашығындай сақтай білейікші.
Жанерке БЕКБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар