Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты мақсатымыз – жолаушыларға сапалы қызмет көрсету - АРҚА АЖАРЫ

Басты мақсатымыз – жолаушыларға сапалы қызмет көрсету

Облыстағы жолаушыларды тасымалдау көліктің 225 бағытында жүргізіледі. Оның ішіне қалаішілік, облыс ішіндегі қала мен ауданаралық, облысаралық және халықаралық бағыттар кіреді. Ақмола облысының жүзден аса тұрғыны бар 562 елді мекенінің 74 пайызы тұрақты жолаушы көлігі қатынасымен қамтылған. Көкшетау, Щучинск және Степногорск қалаларында автовокзал, Атбасар мен Макинск қалаларында автостанция, Ақкөл, Ерейментау, Степняк қалалары мен Астрахан селосында жолаушыларға қызмет көрсететін бекеттер жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда бірыңғай бекітілген талаптар мен стандарттарға сәйкес, облыстың автовокзалдары мен автостанцияларын тәртіпке келтіру үшін бірыңғай жұмыс жүргізілуде. Жауапкершілігі шектеулі «Көкшетау автовокзалы» серіктестігінің тапсырысы бойынша автовокзал ғимаратын күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Жоба 2015-2016 жылдары жүзеге асырылмақшы. Өзге өңірлерде де автовокзалдар мен автостанцияларды тәртіпке келтіру шараларының жоспары жасалды.
Өңірдің барлық аудан орталықтарын 2020 жылға дейін автовокзалмен және автостанциямен қамтамасыз ету мақсатында Аршалы, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Ақмол, Шортанды және Зеренді аудандарында автостанциялардың, Еңбекшілдер, Егіндікөл, Жарқайың және Қорғалжын аудандарында жолаушыларға қызмет көрсететін бекеттердің құрылысы жоспарлануда. Аталмыш жобаларды жүзеге асыратын шаралар Қазақстан Республикасы Транспорт жүйесінің инфрақұрылымын дамыту және біріктіру бағдарламасына енгізілді. Көкшетау қаласынан 14 аудан орталығына, Астана қаласы арқылы Ақмол, Егіндікөл және Қорғалжын селоларына тікелей автобус қатынайды. Автомобиль транспорты саласында мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттерінің бірі – жолаушылар тасымалдау рыногында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету, ұсынатын көлік қызметінің сапасын арттыру, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Облыстың көлік кәсіпорындарымен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыру, транспортты жаңарту, тәжірибелі жүргізушілер мен қызмет көрсетушілерді тартуға бағытталған шаралар өткізіледі. Тасымалдаушылар жолаушыларды жиі тасымалдаған кезде көлікті жолға шығар алдындағы техникалық тексеруден және жолға шығатын жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі. Автобус бағыттарында жиі пайдаланылатын көлікті жаңартуға тасымалдаушыларды ынталандыру мақсатында 2014 жылы автобустар мен шағын автобустарды уақытында жаңарту келісім-шарт бойынша қарастырылған.
Көліктерді жиі жөндемеу үшін жолдың сапалы болғаны маңызды. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспары аясында Пролетарский көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде Целиноград ауданында алты жобаны жүзеге асыру қарастырылған. Қызылжар, Қараөткел, Талапкер, Қызылсуат және Қаражар ауылдарының көше бойындағы жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында Степногорск қаласының Парковый көшесін күрделі жөндеу қарастырылған. Облыс орталығының көше жүйесін жақсарту мақсатында Абай, Жеңіс, Сәтпаев және Набережный көшелерінің жолдары жөнделуде. Сондай-ақ, Әуезов, Горький, Кенесары, Калинин және Әбілқасымов көшелері ағымдағы жөндеуден өтті. Облыстың жеті шағын қаласы мен 8 ауданының көше бойындағы жолдары жөнделді. Биылғы жылы облыстық маңызы бар «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минский» көлік жолының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасын тапты.
Көкшетау қаласының әуежайына «Көкшетау Авиакомпаниясы» акционерлік қоғамы қызмет көрсетеді. 2013 жылы қалпына келтірілген әуежай азаматтық авиация халықаралық ұйымының 1 санаттағы халықаралық талаптарына сәйкес ұшақтардың барлық түрін қабылдай алады. Аэровокзал сағатына 200 жолаушы қабылдайды. Әуежай ұшақтардың қазіргі заманғы түрлеріне және халықаралық стандарттарға сәйкес жолаушыларға қызмет көрсетеді. Бұл республика ішіндегі және халықаралық авиа бағыттардағы күнделікті және транзиттік рейстерді қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының халықаралық әуежайында 4 авиарейс бар. Оның ішіне Москва-Көкшетау-Москва халықаралық авиа бағыты кіреді. Рейстерді аптасына екі рет «ТРАНСАЭРО» авиакомпаниясы Boeing B737-800, 500, 400, 300, Ту-214 ұшақтарымен орындайды. Алматы-Көкшетау-Алматы бағыты бойынша 3 субсидияланған авиарейсі, Ақтау-Көкшетау-Ақтау және Атырау-Көкшетау-Атырау бағыттарының авиарейсі аптасына екі рет жүзеге асырылады.
Дегенмен, авиарейстер санының аздығына байланысты әуежай толық қуатында жұмыс істемейді. Соның салдарынан әуежай жұмысы көңілден шықпай отыр. Бұл жағдайдан шығу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жауапкершілігі шектеулі «Airport Managememt Group» серіктестігімен бірлесіп, Көкшетау қаласының әуежайынан Ресейдің Омск, Новосибирск, Тюмень және Барнаул қалаларына және Қазақстанның Орал, Қызылорда, Атырау мен Ақтөбе қалаларына субсидияланған жаңа авиарейстер ашу мәселесін ойластыруда. Сондай-ақ, әуежайды шетел авиакомпаниясының транзиттік авиарейстері үшін пайдалану мәселесі қаралуда.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақмола жол бөлімшесі Солтүстік Қазақстанның үш ірі өңіріне транспорттық қызмет көрсетіп, Павлодар мен Қостанай жол бөлімшелерімен, Петропавл,
Пресногорьков, Новоишим, Ерейментау, Сороковой, Есіл және Ресей теміржолының Оңтүстік Орал станцияларымен шектеседі. Теміржолдың ұзындығы 2760,7 шақырымды құрайды. Бөлімше құрамына 66 жеке бекет кіреді. Оның ішінде Астана іріктеу станциясы, Көкшетау, Макинск жүк станциялары, Сороковой, Жалтыр, Атбасар, Тайынша, Бурабай курорты, Ақкөл, Новоишим, Пресногорьков учаскелік станциялары бар. Ақмола жол бөлімшесіне 63 станция кіреді. Ақмола облысындағы 36 станцияға 14 аудан қызмет көрсетеді. 25 станция Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 2010-2015 жылдары 1 миллион 460 мың жолаушы, өткен жылы 111 миллион тонна жүк тасымалданды.
Бекзат БЕКІШЕВ,
облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар