Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамандығым – мақтанышым - АРҚА АЖАРЫ

Мамандығым – мақтанышым

Асау тұлпардай жүйткіп, әрі-бері ағылған поезды бақылау бала Игісінді қатты қызықтырушы еді. Жазғы демалыста өзімен  құлын-тайдай тебіскен достары күн ұзаққа асыр салып, ойын қуса, Игісін таң сәріден оянып, теміржол бекетіне жүгіре жөнелетін. Бекеттегі қатаң тәртіпке қарамастан, сол тынымсыз тіршілікпен тыныстап өсті.

Осылайша балаң шақтағы құштарлық  бұрынғы Целиноград қаласындағы теміржол көлігі техникумына алып келеді. Алайда, тұрмыстық қиындықтар шыдатпай, оқуын аяқтай алмай қалыпты. Арман қуған бозбала тағдырдың тәлкегіне мойымай, кеңес әскерінің қатарында  әскери қызметін өтеген. Ауылына қайтып келген соң,  жүк
поезы локомотивінің диспетчер кондукторының оқушысы болып қабылданады.  Бүгінде самайын ақ қырау шалған теміржолшы сол кезді  ерекше тебіреніспен еске алады.
– Теміржолда жұмыс деген жетерлік. Тек жұмыс істей алатын азаматтар болса болды. Жан-жағында болып жатқан үдерістерді қырағылықпен байқап отыру қажет. Бұл менің қалаған мамандығым болған соң алғашында еңбекқорлық пен ауыр жұмыстың ыстығына күйіп, суығына тоңған ардагер теміржолшылардың сын-ескертпелері бірсыдырғы көмек болды, – дейді Игісін ата.
Әрине, мамандықтың қыр-сырын меңгеру үшін жалаң еңбектің пайдасы жеткіліксіз. Ал, егер ол жұмысқа деген құлшыныспен астасып жатса, адамның өз ісінің хас шеберіне айналуы ғажап емес. Игісін ата  әкесі Қамбардың ықпалымен теміржолшы болғысы келгенін де жасырмайды. Ол Белгород қаласындағы техникалық мектепте паровоз депосының машинисі мамандығына оқып шығып, өзі туған Шалғышы бекетінде қызмет етіпті. Одан қалды тек Игісін ата ғана емес отбасындағы ұлдары әке жолын қуып, өмірін теміржолмен байланыстырған екен. Әрбіреуі шама-шарқынша оқуларын бітіріп, еңбек етуде. Сол себепті, олар болат жолды өмірлік кәсіп, отбасылық нәсіп еткен отбасылардың бірі десек те болады.
Теміржолшы еңбек жолын Құсмұрын бекетінен бастаса, кейін Талшық бекетінде де бірнеше жыл  қызмет етті. Ол вагон құрастырушы, пойыздардың жүрісін реттеуші, аға диспетчер жұмыстарында болды. Жылдар ағынымен Көкшетау қаласына табан тіреп, теміржол саласындағы еңбегін жалғастырады. Тағдыр күтпеген тосын сый сыйлап, жұбайымен табыстырған. Бүгінде Игісін ата отбасында бақытты жар, сүйікті ата. Құдай қосқан қосағы  Сәруар апа екеуі  Еркін есімді ұлын, Гүлжан және Роза есімді қыздарын тәрбиелеп өсірді. Қыздары отбасылық дәстүрді бұзбай, қызығы мен шыжығы мол теміржолда қызмет етіп келеді. Таңдаған жарлары да сол саланың еңбеккерлері.
– Қыздарым туған кезде, мен олардың болашақта теміржолшы болатындарын білетінмін. Бұл менің арманым еді. Кішкентай кезінен сол мамандыққа баулып, жоғары оқу орнына түсуге септігімді тигіздім. Олар еш өкінбейді, керісінше еселі еңбектерімен мамандықтарына деген қызығушылығын дәлелдеуде, – дейді ардагер теміржолшы.
Бойында барлық абзал қасиеттері бар азамат өз мамандығы туралы сөз қозғағанда  көздері оттай жанып, күнделікті атқаратын жұмысын ерекше ықыласпен
баяндайды. Сөз арасында «Егер өмірге қайта келетін болсам өмірімді темір жолмен өрер едім. Өзімді басқа мамандықта елестете алмаймын» деп жымиып қояды. Оның айтуынша, жақсы маман болып шығу үшін барлық жұмысқа білек сыбана араласу қажет. Істің бүге-шүгесін білмейтін адам жақсы басшы бола алмайды. Бүгінде жастардың бірден басшы қызметіне жантая кеткісі келетіні теміржолшыны қатты қынжылтады. Дегенмен, Игісін ата осы кезге дейін теміржол саласында ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін бүгінгі ізбасарлары, жас әріптестеріне үйретуге жалыққан емес. Соның бірі, Тасболат Аманжолов Қостанай жол бөлімшесінің Тоғызақ бекетінде қызмет етеді. Үстел үстінде екі бүктелген газетті қолына алып, ішінде жарық көрген мақаланы нұсқап, ұстазы оқушысының бағындырған белестерін жіпке тізген моншақтай жүйелей бастады. «Мен тәрбиеледім» деген сөзінде қанша мақтаныш пен қуаныш бар десеңізші! Бұл қырық бір жылдай еңбек етіп, бүкіл саналы өмірін теміржол саласына жұмсаған азаматтың мақтанышы. Өткен жылы теміржолшының еңбегі еленіп, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісінің иегері атаныпты. Бірнеше жылдар бойы суреті құрмет тақтасынан табылған.
Осылайша теміржолшы шойын жолдағы қайнаған тірліктің шырайын ашып келеді. Әр отбасында осындай өнегелі өмір көрсетіп, кейінгі ұрпақты тәлімді істерімен жетелейтін бір-бір тұлға болса, қазақтың әрбір шаңырағы мәуелі бәйтеректей жайқалып, жайнап тұратыны анық.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар