Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлағат негізі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлағат негізі

Басына күн туғанда қазақ жеріне қоныс аударуға мәжбүр болған немістердің  бүгінгі ұрпағы да  ортақ Отанымыздың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып келеді. Көпұлтты өңір саналатын Сандықтауда да неміс ұлтының өкілдері баршылық.  Жергілікті неміс ұлттық орталығы өз қандастарының тамырынан ажырап қалмауы жолында аянбай тер төгіп жүр.

Бүгінде құрылғанына  ширек ғасырдай уақыт болған неміс қоғамы   білім беру, мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету және  мәдени-ағартушылық бағыттарға
басты назар аударады. Дарынды жастармен жұмысты да өз ісіміздің басымдығы ретінде қарастырамыз. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тұрғындар арасында бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған  әрқилы жобалар мен акциялар  ұйымдастырып, сәл де болса қоғамның әлжуаз топтарына жұртшылықтың назарын аударуды көздейміз. Бірлестік   неміс халқының мәдениетін,  салт-дәстүрін   сақтап, дамыту  тұрғысында  ауқымды шараларды қолға алып отыр.
Әрине, қоғамдық ұйымның ең басты жұмысы – тілдерді оқыту болып табылады. Мемлекеттік және неміс тілдерін оқытатын курстар жас ұрпақтың тілін ұстарту арқылы  өскен жерін құрметтеуге баулиды. Біздің  филиалда тіл үйірмелері  жұмыс істейді.   Үйірмелер мен курстардың оқытушылары  тұрақты түрде өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады.
Өзім бүгінде этно-мәдени орталық санатындағы бірлестікке 1996 жылдан бері жетекшілік етіп келемін. Қазақстанды өз Отаным деп  санаймын. Неге десеңіздер, мен осында тудым, осында ер жеттім, осында тамыр жайып, көктеп келемін. Ленинград педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін әкем комсомол жолдамасымен Қарағанды облысына жұмысқа жіберілген. Ал, анам қазіргі Бурабай ауданының тумасы, ұлты – орыс. Екеуі жұмыс барысында танысып, кейін бас қосқан. Бұл жерден менің ешқайда кеткім келмейді. Себебі, ұлдарым ер жетті, енді солардан тараған ұрпақтың бақытына кенеліп отырған жайым бар. Бейбіт күнде өз мәдениетімізді дамытып жатырмыз. Барлық мейрамдарды елмен, жұртпен бірге атап өтеміз. Әсіресе, Қазақстан халқының бірлігі күнін арқа-жарқа болып тойлаймыз. Аудандағы барлық бірлестіктер бұрынғыдан  да достасып, табысып жатамыз. Мұндай мерекелер де бізді рухани тұрғыдан кемелдендіре, бір-бірімізбен бауырластыра түседі.
Осы орайда, Балкашин орта мектебінің жанынан ашылған неміс мәдени орталығының да жұмысын атап өтпеске болмас. Онда балалар тіл меңгереді, қолөнермен айналысады, салт-дәстүрлеріміз туралы  аға ұрпақ тарапынан айтылған тағылымды әңгімелерді тыңдап, содан тәлім алады.  Ұлттық ас мәзірлерінің жасалу жолдары туралы мағлұматтарға қанығады. Ендігі мақсатымыз – осы қолға алған бастамаларды әрі қарай жалғастырып, барша ел халқының игілігі  үшін аянбай еңбек ету.

Борис ЛОТЦ,
«Видергебурт» Ақмола облысының неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сандықтау ауданындағы филиалының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар